Кадрлық өзгерістер

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин 19 маусымда өткен облыстық әкімдіктің кезекті аппарат кеңесінде жиналғандарды жаңа кадрлық өзгерістермен таныстырды. 

Крылов

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің ағымдағы жылғы 19 маусымдағы өкімімен Крылов Василий Леонидович Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды. В.Крылов Пермь мемлекеттік педагогика инс-титутын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы рынок инс-титутын, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық институтын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. 2005-2008 жылдары Алматы қаласы, Медеу ауданының әкімі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болып істеді. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
МусралимоваҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің ағымдағы жылғы 19 маусымдағы өкімімен Нүркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің ағымдағы жылғы 19 маусымдағы өкімімен Мысырәлімова Айна Ермекқызы Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. А.Мысырәлімова Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін әлеуметтік бакалавр дәрежесін алу бойынша бітірген. Еңбек қадамын 1983 жылы бастады. 1994-2005 жылдары жергілікті атқарушы органдарда әртүрлі әкімшілік-мемлекеттік қызмет лауазымдарын атқарды. 2005-2008 жылдары Ақмола облысы ішкі сая-сат департаменті директорының орынбасары, бұдан кейін 2011 жылға дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып істеді. 2013-2015 жылдары Аршалы ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылдан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, 2015 жылдың қарашасынан – облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс