Капцевич көшесі: Көркіне көз тояды

Облыс орталығында автокөлік тасқынын азайтуды реттеу мақсатында Капцевич көшесі бойында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. М.Горький көшесінен Қылшақты өзеніне дейінгі аралықта автокөлік қатынай бастады. Келесі кезекте аталған көшенің облыстық ауруханаға дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстарын жалғастыру міндеті тұр.

Тұрғындар алғысы

Күләндам ҚАСЕЙІНОВА,
Капцевич көшесінің тұрғыны, еңбек ардагері.

Капцевич көшесінің М.Горький көшесінің қиылысар тұсынан пәтер алып, тұра бастағанымызға жиырма жылға жуықтаған. Бұл ара қаланың орталығы саналғанымен осыншама уақыт ішінде көшеміздің жөнделгенін бірінші көруім. Әйтпесе, көктемде қар ерігенде немесе жаңбыр жауғанда жүріп-тұру тіпті қиындайтын. Жиылған су, қақтарды айналып, құрғақ жерлерді жағалап, айналып жүргенің. Үй аулалары одан да жаман-ды. Су қалқып кетеді. Таксилердің және жедел жәрдем көліктерінің кіргілері келмейтін. Осыған көніп келгенбіз. Әсіресе, басқа қалалардан қонақтар келгенде қаламыз үшін ұялатынбыз. Олардың: «Қала орталығы мынадай болғанда, шет жақтары не күйде екен?», – деп ойлары кәміл ғой. Өзің де «орталықта тұрамын» деп айтуға тартынасың. Ұят-ақ. Енді, міне, ақыры бұл көшеге де кезек жетіп, тақтайдай етіп жөнделе басталды. Біздің үйдің маңайы пайдалануға берілді. Көңіл көтеріңкі, жүріс-тұрыс жеңілдеді. Жол жөндеуге көп қаражат керек екені сөзсіз. Оны көз алдымызда атқарылып жатқан жұмыстар ауқымынан да көріп отырмыз. Қаншама ауыр техника жұмылдырылған, қанша материал қажет, жұмысшылар да көп. Осындай қомақты жұмыс жүргізуге қаражат бөліп, көшемізді жөндеуді қолға алған облыс және қала әкімдеріне айтар алғысымыз шексіз. Жалпы тазалық, тәртіп, абаттандыру барлық жерде байқалады. Аялдамалар да қолайлы әрі ұнамды. Осы қарқынның бәсеңсімегенін қалаймыз. Жұмыстарыңыз алға баса берсін! Өркендерің өссін!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс