Карантин біткенше баруға тыйым салынды

Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы демалыс күндері адамдар көп шоғырланған «Көбейтұз», «Теңіз» көліне рейд ұйымдастырды. Оның барысында көлде демалушылармен ауданда коронавирус ауруының кең таралуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсініктеме жүргізді. Жалпы, 2020 жылдың 13 шілдесіндегі Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов өткізген жедел штаб отырысының хаттамасында аталмыш көлдерге қатысты нақты ереже жазылған. «Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланыс-ты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы №86 бұйрығына сәйкес, «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін – Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Құрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады», – делінген хаттамада. Әйтсе де әлеуметтік желіде тараған фотосуреттер мен видеолар бұл хаттама талаптары сақталмай отырғанын айғақтайды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий