Карантин талабы күшейтілді

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловтың тұрғындарға үндеуі

Құрметті көкшетаулықтар!
Елімізде коронавирус дертін жұқтырған адамдар саны сағат сайын өсіп келеді, өкінішке орай, қазіргі таңда науқас адамдардың саны 951.
Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс орталығындағы барлық салалардың тіршілік әрекет нысандарында санитарлық өндеу және дезинфекция күшейтілген.
Ерекше назарға қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандар, базар, аялдамалар, тұрғын үйлердің кіреберістері алынған.
Халықтың көші-қонын қадағалау мақсатында облыс арасында Көкшетаудан шығу және қалаға кіру орындарында 12 блокбекеттер орнатылды.
Медициналық қызметкерлер 24 сағаттың ішінде температуралық скрининг жүргізуде, құқық қорғау органдары өтіп жатқан көліктерді тексеріп жатыр.
Барлық блокбекеттерде 2 ауысымдағы елуден жетпіске дейін патрульдік полиция қызметкерлері қызметтерін атқаруда және 50 медициналық қызметкерлер 3 ауысыммен жұмыс істеп жүр.
Бүкіл мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқуға көшті.
«Зерек» балабақшасынан басқа барлық мектепке дейінгі мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты, онда тек ата-аналары медициналық мекемелерде және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін балалар ғана барады.
Бүгін шот ашу үшін банктерге барудың қажеті жоқ. Барлық екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» АҚ онлайн қызметін көрсетуге көшті.
Қабылданған іс-шараларға қарамастан, Көкшетауда қазіргі таңда COVID-19 жұқтырудың екі оқиғасы тіркелген. Олардың әрқайсысы бойынша жақын қарым-қатынаста болған адамдар тобы анықталды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Құрметті жерлестер!
Әрқайсымыз қалыптасқан жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Тек қана қатаң шаралар инфекцияның таралуын тоқтатуға көмектеседі.
Осыған байланысты Көкшетау аумағында 2020 жылдың 13-ші сәуірінде сағат 21.00-ден бастап 25-ші сәуірге дейін Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қосымша шектеу шаралары енгізіледі.
Автомобиль және қоғамдық көліктің жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің жұмысы тоқтатылатын болады.
Тек қана ресми тіркелген, мысалы, ТАКСИ 2, 3 сияқты, такси қызметі өз жұмысын атқарады. Барлық қала тұрғындарына төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтау қажет.
Ерекше назарымды құрметті зейнеткерлерге, қарт адамдарға, 65 жастан асқан адамдарға аударғым келеді. Бұл адамдардың тобы тәуекелге бейім. Үйдегі оқшаулау тәртібін қатаң сақтауды, үйден шықпауды сұраймын.
Сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынғанын білу маңызды. Тек қана азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарларды, дәрі-дәрмектер сатып алу үшін үйден шығуға болады.
Қала әкімдігі күн сайын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, Сіздер бағалардың негізсіз өсу фактілері туралы хабарлай аласыздар. Азық-түліктерді ірі көтерме сауда орталықтары мен базарларға шықпай, жақын орналасқан дүкендерден сатып алыңыздар. Денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеңіздер.
Жұмысқа шығу қалалық жедел штабымен бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ, медициналық көмек алуға, үй жануарларын серуендетуге болады, бірақ 500 метрден аспайтын қашықта ғана және ұзақтығы 30 минутқа дейін рұқсат беріледі.
Ата-аналарға, әжелерге, аталарға жеке айтқым келеді. Балаларға көшеге шығуға тыйым салынады!
Алайда, балалардың ойын алаңдарында, аулаларда, саябақтарда жүргендері анықталған.
Егер біз өздеріміз болмасақ, балаларымызды кім қорғайды?
Сондай-ақ, түнгі уақытта 21.00-сағаттан бастап 7.00-сағатқа дейін адамдардың жүріп-тұруы шектелген, шығуға рұқсат келесі жағдайларда ғана беріледі:
— дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды сатып алуға;
— шұғыл медициналық көмек алуға;
— халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар қызметкерлерінің жұмысқа шығуына.
Шектеу шараларын күшейту жарияланған сәтінен бастап Көкшетау қаласының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының меншік нысанына қарамастан қызметі тоқтатылады.
Тек:
— әкімдіктердің;
— орталық атқарушы органдардың мемлекеттік ұйымдары;
— құқық қорғау құрылымдары;
— денсаулық сақтау ұйымдары;
— бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі жалғасады.
Ерекше санитарлық ұйғарымдарды сақтай отырып, азық-түлік өнімдерін сататын сауда объектілері, азық-түлік базарлары, сондай-ақ, онлайн-тапсырыстар және курьерлердің тауарларды жеткізуі жұмыстарын жалғастыра алады.
Тіршілікті қамтамасыз ету мен ауылшаруашылығы мақсатындағы объектілер; автожуулар, дөңгелек жөндеу шеберханалары және техникалық қызмет көрсету станциялары, шартты негізде қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін қызмет көрсететін ұйымдар жұмыс істеуін жалғастырады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары тәуекел тобына кіретін тұлғалардың жұмысқа шығуын шектеуі қажет. Бұл – денсаулыққа байланысты жалпы проблемалар немесе созылмалы аурулары бар адамдар, әсіресе, 55 жастан асқан қызметкерлер.
Өз міндеттеріне барлық пәтер иелерінің кооперативтері жауапты болуы керек. Кіреберістерде, лифттерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекция және ылғалды жинауды аптасына 2 реттен кемітпей жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда болады. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған мобильді бригадалар дезинфекция тәртібінің сақталуын тексеретін болады.
Осы қиын уақытта қоғамдық тамақтандыру сала-сындағы кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне) онлайн-тапсырыс қабылдаумен қызметтерді ұлғайту және барлық қажетті талаптарды сақтай отырып, курьерлермен тамақ жеткізу және жұмыс тәртібін сағат 20-00-ге дейін шектеу маңызды.
Қала тұрғындары үшін онлайн жеткізу – қазір қажетті шаралардың бірі, ол басқа адамдармен байланыстан қорғайды. Қаладағы тіршілік әрекетін қамтамасыз етпейтін барлық меншік түріндегі ұйымдардың басшылары қызметкерлерді жұмыс орындарын міндетті түрде сақтай отырып немесе ақы төленетін демалыс бере отырып, қашықтан жұмысқа ауыстыруы тиіс.
Жұқпалы респираторлық вирустық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу емханаға барып керек емес, 103 нөмірі бойынша үйге «жедел жәрдем» шақырған жөн.
Құрметті көкшетаулықтар!
Құқық қорғау органдары карантиндік іс-шаралар кезінде қала аумағына жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының заңсыз кіру жағдайлары анықталса, қатаң шаралар қабылданады.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған не орындалмаған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.
Қауесет пен шындыққа сай келмейтін ақпараттың жолын кесу бойынша бақылау күшейтіледі. Ал, мұндай фактілер анықталған жағдайда, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Егер біз үнемі алатын жалған ақпарат санын ескеретін болсақ, тыныштықты сақтап, үрейленбеу мүмкін емес. Сіздерден ақпарат көздерін мұқият таңдауларыңызды өтінемін. Жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқыңыздар.
Айтылған талаптар коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға көмек беретініне сенемін. Қазіргі уақыттың қиындықтарын бірлесе ғана жеңеміз.
Құрметті көкшетаулықтар, сабырлы болайық, біз біргеміз!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий