Каратэден бақ сынасты
Көкшетауда өткен спорттық каратэден республика чемпионатына 9 облыстан 170 спортшы қатысты.
Ақмола облысының намысын қорғаған 78 спортшының ең жасы – алтыда. Спорттық каратэ федерациясы облыстық филиалының президенті Руслан Дүкембаевтың айтуына қарағанда, олар ката және кумитэ бағдарламасы бойынша сынға түсті. Тартыс-ты өткен сайыс қорытындысында ақмолалықтар жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды еншіледі. №13 «Экос» орта мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Карина Келдібекова екі алтын медальды жеңіп алды. Он бір жасар Айдар Хамзин ката бағдарламасы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, біздің спортшылардың арасынан жеңіске құштарлық танытқан Владимир Боровский, Ғаббас Темірлан, Алина Кирсанкина, Гүлбағыш Махамбетова, Вадим Ежов, Артем Буряк, Дамира Жаубасар, Ернат Шәріповтің есімдерін құрметпен атаймыз.
Құдайберген Олжабаев.