Кезекті аппарат кеңесі

   Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтіп, онда экономикаға инвестиция тарту, алдағы жылу маусымына дайындық және әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелері қаралды.

Өңір басшысы өз сөзінде жоспарлы экономикалық көрсеткіштерді орындауды қамтамасыз етумен бірге орташа жалақы деңгейін өсіру мәселесін де басты назарда ұстау қажеттігін айтты. Сонымен бірге аймаққа инвестицияны тарту жұмыстарын жандандыру керек. Мәселен, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Б.Мұстафиннің айтуына қарағанда, ағымдағы жылы облыс бойынша 101,4 миллиард теңгенің 94 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланыпты. Оның ішінде индустрияландыру картасы бойынша 20 жоба. Дәлірек айтсақ, бүгінгі күнге 3,9 миллиард теңгенің 19 жобасы жүзеге асырылыпты. Соның нәтижесінде 455 жұмыс орны ашылды. Облыстық білім басқармасының жетекшісі Б.Ізбасарова хабарлағандай, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша аймақта 16 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса керек. Мәжілісті қорытындылай келе, облыс әкімі Сергей Кулагин аппарат кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бо-
йынша нақты тапсырмалар берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс