Кезекті сессия – келелі міндеттер

 Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезекті 21-ші сессиясы болып өтті. Оған депутат З.Нұрымова төрағалық етті. Сессия жұмысына қала әкімі Е.Маржықпаев қатысып, сөз сөйледі. Облыс әкімінің шешімімен Бауыржан Ғайса Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалып, Еркін Исімбаев қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Сессияда қалалық қаржы бөлімінің басшысы Г.Құсайынованың 2017 жыл бюджетінің орындалуы туралы хабарламасы, жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Зейнуллиннің 2018 жылдың 5 айы ішіндегі жергілікті полиция қызметі жөніндегі, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Құсайынованың 2017 жылы Көкшетау қаласын дамыту бағдарламаларының жүзеге асуы және Көкшетау қалалық мәслихатының  2018-2020 жылдарғы қалалық бюджетіне шығарған шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі, Станцион-ный кентінің әкімі А.Тасқынбай пен Красный Яр кентінің әкімі Н.Айсиндердің хабарламалары тыңдалды. Г.Құсайынова 2017 жылғы бюджеттің орындалу барысын айта келіп, кірістің 30 531 483,5 мың теңге болғанын, оның ішінде: салықтан түсім 18 349 677, 7 мың теңге; салықтық емес түсімнің 71 931,7 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсімнің 916 249,2 мың теңге; трансферттерден түсімнің 11 193 625,0 мың теңге екенін жеткізді. Шығыс 30 329 154,1 мың теңге; таза бюджеттік несие 45 068,0 мың теңге;  қаржылық активтермен операциялар сальдосы 40 608,0 мың теңгені құрағанын, басқа да нақты көрсеткіштерді атады. Одан әрі қала әкімі Е.Маржықпаев бөлінген қаражаттардың жұмсалуы, алдағы жоспарлы жұмыстар көлемі жөнінде кеңінен баяндады. Депутаттар күн тәртібіне қойылған барлық мәселелерді мақұлдады. Көкшетау қалалық мәслихатының жаңа хатшысы Бауыржан Ғайсаның Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің шешімімен Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты оның депутаттық өкілеттілігі тоқтатылып, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болып депутат Еркін Тұрашұлы Исімбаев сайланды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий