Келісіп пішкен тон келте болмас

       «Кездесеміз, талқылаймыз, шешім қабылдаймыз» жобасы шеңберінде облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі қабылдаулар өткізу одан әрі жалғасуда.

№1 орта мектепте облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская мен Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Боранбай Бегалин тұрғындармен кездесіп, онда жұмысқа орналасу, перинаталды орталықты жөндеу, сотты іс қараудағы әділетсіздіктер сияқты мәселелер айтылды. Сонымен қатар кездесуге келген тұрғындар тарапынан әлеуметтік денсаулық саласы бойынша ұсыныстар жасалды. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Зәуреш Нұрымованың қатысуымен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің кітапханасында өткен кездесу барысында Елемесов, Жұмабаев көшелерін жөндеу, су бөлетін мұнараны қалпына келтіру, мүгедектерді баспанамен қамтамасыз ету, жәрдемақыны есептеу сияқты әлеуметтік мәселелер көтерілді. Облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов №19 орта мектепте қабылдауға жазылған тұрғындардың медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі және оларды баспанамен қамту сұрақтарын талқылады. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес кеңестер беріліп, мәселенің шешілу жолдары ұсынылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс