Колония аумағында көкөніс өсірді

Ақмола облысында жазасын өтеуші ЕЦ-166/25 түзету мекемесінің аумағында бөлінген жер телімінен екі күннің ішінде 50 келі көкөніс жинады. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған Арыслан алғаш рет режимдік мекемеге түскен. «Моральдық тұрғыдан өте қиын болды. Маған көңіл бөлген колония психологі Иван Гавриленкоға үлкен рахмет. Ол маған кәсіби терапия-
мен айналысуға кеңес берді, яғни бақша өсірумен. Бұл кәсіп маған ұнайды. Бала кезімде мен оқыған интернатта бағбандар көкөністер мен жемістерді қалай өсіргенін көрдім», – деп бөлісті тұтқын. Арыслан өзі үшін жаңа іспен шындап айналысты. Мекеме әкімшілігі ұсынысты мақұлдады. «Ол мекеменің дүкенінен тұқым сатып алды. Мекеме аумағында бақша өсіру үшін бос жерлер көп. Жаздың ыстық болуы және дұрыс күтім өз жемісін берді. Арыслан өз қолымен қиярдың бірнеше түрін өсірді, олардың кейбіреулері ұзындығы 60 см. Сонымен бірге, асқабақ және бұрыштың бірнеше түрі өсіріледі», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Горнова. Осының арқасында бағбан екі күнде 50 келіден астам көкөніс жинады. Оған өзге сотталғандар көмектесуде. Келесі жылы колония басшылығы қолдау білдірсе, ер адам бақша аумағын екі есе көбейтуді жоспарлап отыр.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий