Комиссияларға өзгерістер енгізілді

Жақында жетінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының
кезектен тыс 2-ші сессиясы болып өтті. Оған депутат Роза Арыстанқызы төрағалық етті.
Сессия жұмысына Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қатысып, сөз сөйледі.

Бұл жолғы сессияның күн тәртібіне мәслихат жанындағы комиссиялар мүшелері мен олардың төрағаларын тағайындау мәселелері қойылды. Оның себебі жаңадан сайланған депутаттардың комиссияларға тартылуы, бірқатар қызметкерлердің басқа жұмыстарға ауысуы. Осы мақсатта, қала әкімі аппаратының басшысы С.Құдабаевтың «Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №С-40/7 «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»; «2016 жылғы 26 сәуірдегі №С-2/20 «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» мәслихаттың 2019 жылғы 28 қарашадағы №С-38/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарламасы;
қалалық мәслихат аппаратының басшысы Б.Мақановтың мәслихаттың 2019 жылдың 28 наурыздағы №С-30/5 «Көкшетау қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы»; тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, депутат С.Максимецтің «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттың жобасын келісу туралы»;
қалалық экономика және бюджетті жос-парлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатованың мәслихаттың 2011 жылғы 11 қарашадағы №С-52/6 «Көкшетау қаласының бюджет комиссиясын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
мәслихаттың 2019 жылғы 19 мау-сымдағы №С-4/19 «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы қала құрылысы кеңсесінің құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жұмабековтің;
«Қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ю.Шидловскийдің;
мәслихаттың 2020 жылғы 21 ақпандағы №С-41/4 «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Вазировтың;
мәслихаттың 2019 жылғы №С-38/14
«Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы» жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Ахметовтың;
«Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2019 жылғы 28 қарашадағы №С-38/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы №С-50/5 «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Хасенованың хабарламалары тыңдалып, ұсыныстар бірауыздан бекітілді.
Сессия жұмысынан соң Көкшетау қалалық мәслихаты 4-ші шақырылымының депутаты болған, елімізге танымал талай спортшыны тәрбиелеп, дайындаған спорт саласының ардагері Серік Нығыметуллинді қала әкімі А.Смайылов, қалалық мәслихат хатшысы Р.Қалышев алпыс жасқа толуы-мен құттықтап, оған Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий