Конституция – кемел келешек!

ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын есік ашып, еңсе тіктегеніне көп болмаған Көкшетаудың көркем ғимараттарының бірі Неке сарайының залында өтті. Қала әкімі Е.Маржықпаев еліміздің негізгі заңы болып табылатын Конституцияның маңызы, ел тұтастығы мен дамуындағы алар рөлі, сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады.

Одан соң қала басшысы салтанатты жиын үстінде бірқатар қала тұрғындарын озат еңбектері, қол жеткен табыстары, нәтижелі жұмыстары үшін «Астана-20 жыл» мерекелік медальдарымен, қала әкімінің «Алғыс хаттарымен», көпбалалы аналарды «Күміс алқалармен» марапаттады. Марапатталғандар ішінде пәтер иелері кооперативтерінің жетекшілері, сот, прокуратура, полиция қызметкерлері, өнер адамдары бар. Әкім  неке қию рәсімдері осы күнге тұспа-тұс келген екі жұп жас жұбайларға неке куәліктерін табыс етіп, жаңа құрған шаңырақтарына ынтымақ пен береке тіледі.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.

                                                      «Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий