Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Бүгінде ғаламтор арқылы дүние жүзінде қандай жаңалықтар болып жатқанын оп-оңай бақылап отырасың. Соның ішінде кейбір елдердегі жағаңды ұстап, жаныңды ауыртатын жайларға да жолығасың. Тіпті, ондай көріністер көптеген елдерде орын алып жатқанын байқағанда өз еліміздің бейбіт өміріне шүкірлік етесің. Ал, сол еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың негізгі тетігін ұстап тұрған біздің тұғыры биік Ата Заңымыз десек болады.
Елдің көз алдында, 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Одан кейін, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бірауыздан мақұлдады. Конституция Президент лауазымына үлкен міндеттер мен зор жауапкершілік жүктеді. Ата Заңда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Президенті – халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы, азаматтар және адамдар құқығы мен бостандықтарының нақты кепілі. Ал, Ата Заңда еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп анық көрсетілген. Яғни, біздің елімізде қандайда бір қылмыс жасалса да кейбір елдердегідей қатыгездік пен аяусыздыққа жол берілмейді. Өйткені, біздің еліміз құқықты мемлекет. Республика Конституциясымен құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын екі маңызды тәсілі бекітілді. Ол сот арқылы және әкімшілік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, елімізде адамның бостандығы олардың жасаған әрекеттері тек заңға қайшы келгенде ғана, Қазақстан заңнамасына сәйкес, сот арқылы шектеу қойылмақ. Өйткені, біздің Заңның ең бірінші міндеті адам өмірін сақтау және оның құқығы мен бостандығына нұқсан келтірмеу. Қазақстан Республикасының азаматы болсын немесе басқа елден келген қонақ болсын мейлі, біздің еліміз адамға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін әрқашан қызмет атқарады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады екен. Мұның өзі Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Айта кетейік, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі Заң да осы – жиырма бес жыл бұрын қабылданған Конституция. Қазір келтіріліп жүрген ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның бір мың бір жүзі Конс-титуция жобасына енгізілген. Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда Конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ, біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», – деген болатын.Шынымен де бүгінгі Ата Заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Қоғам қайраткерлерінің сөзіне сүйенсек мұны Елбасы ұсынысымен енгізілген төрт ұстанымға, біріншіден – қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екіншіден – экономикалық даму, үшіншіден – қазақстандық патрио-тизм, төртіншіден – маңызды мәселелерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу принциптерімен негіздейді. Ата Заңымыздың бірінші бабына енгізілген осы төрт мәселе арқылы Қазақстанның жан-жақты дамуына жол ашылған.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий