Коронавируспен күрес: қазақстандықтар Халықтық бақылау тобына қосылуда

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас қазақстандықтарды Халықтық бақылау тобына қосылып, медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізуге шақырды. Оның жазуынша, белсенділер медициналық ұйымдардың ішінде қоғамдық бақылау жүргізіп жатыр. Осы бастама Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың да назарын аудартқан. Халықтық бақылау медициналық персоналдың жұмысына кедергі келтірмеуді басты назарға алып отыр. «Сол себепті дәрігерлерге ең бірінші кезекте көмектесу үшін қоғамдық бақылау керек. Қазіргі уақытта маңыздысы: мониторинг пен бақылаудың тиімді механизмдерін даярлап, қысқа уақытта белсенділерді үйлестіру керек, БАҚ пен мемлекеттік орган болып, бір-бірімізбен ықпалдаса жұмыс жүргізгеніміз дұрыс. Идеяларыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, қоғамдық бақылау тобына қосылғыңыз келсе пікірге ұсынысыңызды қалдырыңыз. Болмаса diaslimakz@gmail.com пош-тасына хат жолдауға болады. Байланыстамын», – дейді ол.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий