Коронавирустан сақтық, қар суына қарсы жұмыстар күшейтілмек

Қалалық әкімшіліктің аппарат мәжілісінде көк-темгі қар суының салдарынан болар жағдайларға дайындық, сондай-ақ, коронавируске қарсы сақтық шараларын күшейту мәселелері талқыланып, шаралар белгіленді.
Коронавирус індетінің әлемді алаңдатып отырғаны аян. Сондықтан, елімізде белгіленген алдын алу шаралары мұқият орындалуы тиіс. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Ысқақов коронавирустың жалпы таралуы, оған қарсы жұмыстарға қысқаша тоқталды. Қытай Халық Рес-публикасынан желтоқсан айында анықталған ауруды жұқтырғандар саны әлем бойынша 82 мыңнан асқан. 2924 адам өмірден өткен. 30 мыңнан астам адам осы дерттен емделіп, тәуір болған. Қазір Кореяда осы дертке байланысты төтенше жағдай жарияланған. Оларда қатерлі дертке шалдыққандар саны 1500-ге таяпты. Біздің елімізде де қатаң шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы да нақты тапсырмалар бойынша сақтық шараларын жүзеге асыруда.
– Біздің ауруханада аталмыш дертті жұқтырғандар үшін 50 орын бөлек дайындалып, жабдықталды, – деп сөз бастаған облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қасымжан Тәшметов әлі де бірқатар медициналық жабдықтар қажет екенін алға тартты. Осындай орын қалалық тері аурулары ауруханасынан да дайындалыпты. Әрине, бұл алдын ала сақтық шаралары. Ескерте кететін тағы бір жағдай, егер дәрігер тексере қалғанда күмән болса, әр тұрғынның дәрігерге бағынуы, сол бойы нұсқауларды мүлтіксіз орындауы. Әркім сол жауапкершілікті түсінуі керек. Тұрғындар көпшілік жиналатын жерлерге баруды сиретіп, қарапайым гигиена сақтауды естен шығармай, сақ болуы тиіс.
Қар еруі салдарынан келер су жолдарын тазалау, бүгінгі таңда жиылып тұрған қар үйінділерін шығару, тағы басқа осы мәселеге байланысты толып жатқан жұмыстар туралы «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жетекшісі Ю.Шидловский хабарлама жасады. Жоспарлы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. – Су жолдары, жылғалар тазаланып, мұздары ойылуы керек. Су айдағыш помпалар, насостар, су таситын көліктер, құм салынған қаптар, не қажеттің бәрі алдын ала толық дайындалуы тиіс. Осы жұмыстар күнделікті қадағалансын, – деп тапсырды А.Смайылов.
Аппарат кеңесі үстінде қала әкімі А.Смайылов көпбалалы ана Құралай Жұмабековаға «Күміс алқа» белгісін табыс етті. Отбасылық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауысқан әкімнің орынбасары С.Шабаров-қа, ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі А.Байтілеуов-терге сәттілік тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий