Коронавирус инфекциясына 89 044 тест алынды

Ведомствоның мәліметі бойынша, өңірде сәуірдің 17-нен бастап, ПТР (полимеразды тізбек реакциясы) әдісі бойынша тестілеу науқаны жүргізілуде. Бастапқыда зерттеу жұмыстары ұлттық сараптама орталығында жүргізіліп, бұған «Олимп» клиникалық-талдау зертханасы қосылды. «Науқан басталғаннан бері Ақмола облысында коронавирус инфекциясына 89 044 тестілеу жүргізілді. Оның 57 438-і ұлттық сараптама орталығында, 4 785-і «Олимп» клиникалық-талдау зертханасының үлесінде. Бүгінгі күні бұл жұмыстарға Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің зертханасы және «Инвиво» ЖШС қосылып отыр. Сонымен бірге, Атбасар және Ақкөл аудандарындағы ветеринарлық зертханалар да тартылуда», – дейді ведомстводан. Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен атап өткендей, тестті асқынған респираторлы вирусты инфекциясына шалдыққандар, медицина қызметкерлері, жабық жерлерде жұмыс істейтін ұжымдардың, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен мекемелердің, әлеуметтік мекемелердің, коммуналдық қызметтердің, дүкендердің, пәтер иелері кооперативтерінің, көлік мекемелерінің жұмысшылары тапсырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий