Куәліктер табысталып, мәслихат хатшысы сайланды

Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 1-ші сессиясы өтіп, онда қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Мәриям Қалиева сайлау қорытындысын жария етті. 

DSC_5779

Депутат куәліктері мен төсбелгілерін халық қалаулыларына қала әкімі Ермек Маржықпаев табыстады. Ал, қалалық мәслихаттың хатшысы болып №1 сайлау округінен сайланған депутат Бауыржан Ғайса сайланды.

Алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясына депутат Еркін Исімбаев төрағалық етті. Сөз алған қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Мәриям Қалиева Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат депутаттарының неше дауыспен, қай учаскелерден өткендігін хабарлады. Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Ермек Маржықпаев оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті. Одан әрі депутат Боранбай Бегалин мәслихат хатшылығынан босатылып, оның орнына депутат Бауыржан Ғайса бірауыздан сайланды. Сондай-ақ, әртүрлі салаларды қамтыған төрт тұрақты комиссия және олардың төрағалары мен мүшелері, келесі сессияның күн тәртібі бекітілді. Қалалық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып депутат В.Шиманский сайланды. Сессияда сөз алған қала әкімі Ермек Маржықпаев бұған дейін жұмыс атқарған депутаттар

корпусына алғыс айтып, жаңа іске кіріскен депутаттарға табыстар тіледі. Өткен шақырылымда мәслихат хатшысы ретінде іскерлікпен жұмыс істеген Боранбай Бегалинге Алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс