Кірпіш зауыты қайта жаңғыртылады

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында құрылыс жұмыстары ерекше қарқын алған. Игілікті бұл іске «ENKI» және «Регион Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сүбелі үлес қосуда. Атап айтсақ, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрменің дипломанты кірпіш зауыты биылдың өзінде өнім көлемін 30-40 пайызға арттырмақ. Ал, «Регион Строй» серіктестігі болса, «Боровской», «Сарыарқа» мөлтек аудандарында көппәтерлі 7 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

IMG_6348Көкшетаудағы «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – еліміздегі қаптырмалы керамикалық кірпіш зауыттарының арасындағы ең үздігі. Индустрияландыру картасына енген кәсіпорын биылдан бастап еуропалық стандарт негізінде кірпіш өндіруді қолға алмақшы.

Биылғы жыл компания үшін табысты жыл болды. Бір жылдың ішінде 61 миллион дана кірпіш өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда зауыт өз қуатын 10 пайызға арттырып, өнім сату көлемі 34 пайызға ұлғайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 120 мың теңгені құрап отыр. Өңірдің индустрияландыру картасына енген кәсіпорынның іске қосылғанына жеті жыл. Зауыттың өз іргетасы қаланып, алғашқы өндірістік
тауарымыз сатылымға шығарылғалы Ресейдің шекаралық іргелес облыстарына тауар экспорттауға мүмкіндік алдық.
Кірпіш зауыты жылына 43 түрлі өнім шығаруды қамтамасыз етіп, өздерінде құйылған кірпіштің 60 миллион данасын жан-жаққа жөнелтеді. Дайын өнімді республиканың барлық өңірлеріне жеткізетін 9 бөлімше тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінде кәсіпорын 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, тек солтүстік аймақта ғана емес, еліміздің оңтүстік өңірлерінде де құрылыс қарқынын арттыруға оң ықпал етуде. Зауыттағы өндірістің 90 пайызы автоматтандырылған. Биылдан бастап «ENKI» компаниясы еуропалық стандарт негізінде кірпіш өндіруді қолға алмақшы. Толық жұмыс қуаты жеткілікті күшті қалыптастыру мақсатында жаңа жылдан кейін еуро талаптарға негізделген құралдардың тағы бір легі әкелінбекші. «2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа өндіріс іске қосылады. Осылайша өнім көлемін 30-40 пайызға арттыруға қол жеткізіліп, қосымша жұмыс орындары ашылады. Алдағы уақыттағы ірі жоспарымыздың бірі – еліміздің өзге облысынан «ЕНКИ-дің» екінші бір зауытын салу. Үлкен, кең тынысты, тармағы көлемді зауыт болуға біздің мүмкіндігіміз жеткілікті. Зауыт толық автоматтандырылған, өніміміз нарық талап еткен сұраныспен, импортты толық жабады», – дейді серіктестік директоры Мырзабай Әбдіхалықов.
Зауыт өндірген сапалы кірпіштер ыстыққа да, аязға төзімді. Кірпіштің балшығының құрамы, толық сапасы Soliner s.l (Испания), Keller H.C.W (Германия) құрылыс материалдарын зерттеу институттарының зерттеуінен өтіп тұрады. Себебі, зауытымыздағы автоматтандырылған құрал-жабдықтар испаниялық Verdes, Soliner s.l фирмасынан алынған. Мықты кірпіштің қалыбын құю мақсатында зауыт мамандары өзге елдің ірілі-ұсақты компанияларының қызметіне жүгінуде. Қарапайым түрлі-түсті кірпіштің бояу қоспалары Оңтүстік Корея, Франция, Ресей, Украиндан тасымалданып, өндіретін фирмалармен тығыз байланыс орнатылған.
Жуырда «ENKI» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің үшінші дәрежелі дип-ломанты атанды. Бұл – Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы қарсаңында қол жеткен үлкен табыс. Ендігі мақсат – жеткен межені сақтай отырып, табыстың сара жолын одан әрі жалғастыру. Оған кірпіштің жылу, бояу сақтағыштық, ауа өткізгіштік, табиғи құбылыстарға төзімділік сынды қабілеттерін одан әрі арттыру кепіл болмақшы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий