Кітапханашылардың жұлдызды сәттері

Кітапханашылардың кәсіби мерекесі күніне орай олардың шығармашылық өсуіне ықпал жасап, өнерлерін насихаттау және кеңінен өрістету мақсатында «Достар» мәдениет сарайында «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламасы өткізілген болатын.

Шоу-бағдарламаны ұйымдастырушылардың мақсаты – кітапханашы мамандығының беделін көтеру, шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету. Бағдарламаға 9 жұп қатысты, олардың біреуі кәсіби орындаушы болса, біреуі музыка әлемінен алшақ адамдар. Әрбір жұп бір музыкалық композицияны орындап, сонымен қатар таңдаған әніне байланысты өздерінің сахналық образын сомдады. Әр нөмір театрландырылған қойылымдармен, жалындаған би және импровизациялық көріністермен әрлендірілді. Шоу-бағдарламаның қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы», «Креативті жұп» аталымы бойынша Әділ Балтабаев пен Сызкен Айымай, Қайырлы Әшім мен Фируза Әбішева жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орындарды Мейрамбек Мұқатай мен Бахытжан Дусатова, Дархан Дабуков пен Айнагүл Омарова, үшінші орындарды Сұлтан Балтабеков пен Ботагөз Шаймерденова, Сәкен Біржанов пен Қорлығайын Накешева, Нұрболат Мырзақұл мен Гүлнәр Баймағамбетова, бірінші орынды Нұрлан Рахымжанов пен Мәдина Жолдыбаева еншіледі. Ал, бас жүлдеге теміржол желілік ішкі істер бөлімінің қызметкері, аға лейтенант Ілияс Тасмағанбетов пен қалалық ақпараттық-кітапханашылық жүйесінің әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Іңкәр Ысқақова ие болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс