Күзгі сенбілік өтті

Көкшетауда көктем мезгілінде ұйымдастырылатын дәстүрлі санитарлық тазалық айлығы аясында сенбілік өтті. Оған 3,5 мыңнан аса қала тұрғындары қатысты.

Қала аумағы 215 учаскеге бөлінді. Сенбілікке қаладағы 215 мекеме мен кәсіпорын ұжымдары бір кісідей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Өзге де еңбек ұжымдары көшелер мен айналма жол бойында жұмыс істеді. Бұл жұмыстардың бәрі қаланы қысқа дайындауға бағытталды. Оған барлық коммуналдық сала, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, еріктілер тартылды.

Жалпықалалық сенбілік барысында тек қоқыс жиналып қоймай, ағаштар әктелді, газондар қураған жапырақтардан тазартылды. Красный Яр бағытындағы жолайырығынан бастап, саяжай бойындағы жол жиегі, Орталық саябақ, Даңқ Аллеясы, Бұқпа тауының бөктері мен алаңқайлары тазартылды. Қала аумағынан 62 қоқыс алаңы жойылды. Сенбілікте «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Тыныс» АҚ, гуманитарлық-техникалық лицей, облыстық аурухана ұжымы, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері  белсенділік танытты. Қала аумағына 250 түп ағаш көшеті егілді.

Қаладағы бекітілген ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлерімен 2500 қап жапырақ жиналып, қоқыс алаңы жойылды. Жеке кәсіпорындар тарапынан қосымша 22 бірлік самосвалдар мен 5 жүк тиегіштер, тракторлар мен тротуарларды тазартатын жаңа техникалар – шағын тракторлар іске қосылды. «Көкше-Тазалық», «Көкшетау Дэу» ЖШС кәсіпорындары мекеме-ұйымдарға 10 мың қап және 5 тонна әк таратты. Сенбілікте қатты қалдықтар полигонына 1024 текше метрге жуық күл-қоқыс шығарылды. Соның арқасында Көкшетау қаласы тазарып, жаңарып қалды. Оған қатысқан жандардың бірі де қалмай белсенділік танытты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий