Күзгі сенбілік өтті

Көкшетауда күз мезгілінде ұйымдастырылатын дәстүрлі санитарлық тазалық айлығы аясында сенбілік өтті. Осыған орай қала аумағы 218 учаскелерге бөлінді.

Сенбілікке қаладағы 178 мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары бір кісідей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Өзге де еңбек ұжымдары көшелер мен айналма жол бойында жұмыс істеді. Бұл жұмыстардың бәрі қыстан шыққан қаланы қысқа дайындауға бағытталды. Оған барлық коммуналдық сала, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, еріктілер мен волонтерлер тартылды. Жалпықалалық сенбілік барысында тек қоқыс жиналып қоймай, ағаштар отырғызылып, әктелді, газондар қураған жапырақтардан тазартылды. Қала аумағына 1700 түп ағаш егілді. Красный Яр бағытындағы жолайырығынан бас-тап, саяжай бойындағы жол жиегі, Сәдуақасов көшесіндегі Революция күрескерлеріне арналған сквер, Абай көшесіндегі Досмағанбетов атындағы сквер, Орталық саябақ, Даңқ Аллеясы, Бұқпа тауының бөктері мен алаңқайлары тазартылды. «Есіл» автобекеті мен ескі әуежай аумағындағы қыс бойы қар төгілген жер аршылды. Аталған жұмыстарға коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен құралған барлығы 300 адам тартылды. Осы шаруаларды уақытында атқаруға қажетті құрал-жабдықтармен коммуналдық шаруашылықтар қамтамасыз етті. Атап айтқанда, «Көкше Жәрдем» мен «Көкшетау жол» мекемелері ұйымдар, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерге 8 тонна әк пен қоқыс жинауға қажетті 8 мың қап бөлді. Қаладағы бекітілген ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлері 2120 ағаш, 12400 жиектасты әктеп, 3987 қап қоқыс жинады. Бұл күні сенбілікке 5 мыңға жуық адам қатысты. Жеке кәсіпорындар тарапынан қосымша самосвалдар мен жүк тиегіштер, тракторлар мен тротуарларды тазартатын жаңа техникалар – шағын тракторлар іске қосылды. Сенбілікте қатты қалдықтар полигонына 5081 текше метрге жуық күл-қоқыс шығарылды. Соның арқасында Көкшетау қаласы тазарып, жаңарып қалды. Оған қатысқан жандардың бірі де қалмай белсенділік танытты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий