Күмбірлей бер, домбырам!

Осындай тақырыппен Көкшетаудағы Домбыра стелласының алдында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар арасында күй, дәстүрлі ән орындаушылар арасында байқау өтті.

Күмбірлеген күй өнерінің сиқырлы үнін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында алғаш рет ұйымдастырылған додада жиырмаға тарта өнерпаз бақ сынады.  – Қазақтың маңдайына біткен атақты күйшілер мұрасы ұлтымыздың рухани байлығы. Жастар арасында өнерлі, түрлі музыкалық аспаптарды шертетін таланттар көп. Байқаудың басты мақсаты – сол дарын иелерін халыққа таныту, жастардың өнерге, күйге деген сүйіспеншілігін арттырып, халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік ұстануға тәрбиелеу,– деп атап өтті «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Мейрамбек Закиров.

Қазылар алқасы күй орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениеті мен ұлттық киіміне жете көңіл аударып, са-йыс соңында күй құдіретін жан дүниесімен сезіп, домбыраның құлағында шебер ойнай алатын мықтыларды «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші» аталымдары бо-йынша анықтады. Күй сайысында Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Мәдениет ауылынан келген Ділнәз Ақай үшінші орынға, көкшетаулық Бірлес Орал екінші орынға ие болды. Көкшетаулық Саят Балпаев бірінші орынды жеңіп алды. Дәстүрлі ән сайысында үшінші орын айыртаулық Диас Әлібековке, екінші орын бұландылық Өмірзақ Шешханға бұйырса, қазылардың шешімімен бірінші орынға көкшетаулық Ерқұланбек Ерқанат лайық деп танылды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Ә.ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий