Күмістен алқа тақты
Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жоғары. ҚР Президентінің Жарлығымен 6 бала туып, тәрбиелеп өсіріп отырған көпбалалы аналар – Айнагүл Мұхамадиева, Әлия Рахматулина, Шолпан Шәріпова «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды.
Бала-шағасының ортасында бал-бұл жанған қуанышты сәттің басты кейіпкерлері күмістен алқа тағынды. Зеренді ауданының Қызыл егіс ауылында тұратын Шолпан Шәріпова өмірде өзін ең бақытты ана санайды. Әр баланың өз несібесі болады. Сондықтан, бала босанудан қашпау керек дейді, көпбалалы ана.