Күншығыс елі Елбасыға құрмет көрсетті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Елбасы мен Синдзо Абэ екі ел ынтымақтастығының ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың жайын талқылады.
                                                                                           ***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы «Азияның өркендеуі дәуіріндегі ерекше стратегиялық әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы мен Жапонияның бірлескен мәлімдемесі;
– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Жапонияның Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
– «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Жапонияның сыртқы сауданы дамыту жөніндегі ұйымы (ДЖЕТРО) арасындағы Жапонияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатыны туралы шарт;
– «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Жапонияның құнды қағаздар бо-
йынша диллерлер бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап визалық талаптардан босату туралы ноталар алмасылды.

Мемлекет басшысы «Токай» университетін аралау барысында күннен қуат алатын «Токай челленджер» автокөлігін көріп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша осында оқып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесті. Елбасы оқу орнының ұжымы алдында сөйлеген сөзінде «Токай» университеті мен Назарбаев Университеті арасында қалыптасқан серіктестік қарым-қатынасқа назар аударды. Мемлекет басшысы республикамызда ғылымды қамтитын экономика қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық клас-тер – Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампусы» хайтек-паркі және Алматы қаласында «Алатау» технопаркі ашылғанын айтты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды «Токай» университетінің алдағы 2017 жылы атап өтілетін 75 жылдығы-мен құттықтап, Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасы барлық бағытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Елбасыға Жапонияның жетекші білім беретін және ғылыми-зерттеу орталығы болып саналатын «Токай» университетінің «Инженерлік ғылымдар құрметті докторы» дәрежесі берілді.
***
Елбасы Гои бейбітшілік қорының 2016 жылғы «Ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін» бейбітшілік мәдениеті арнаулы сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы салтанатты шарада биылғы Бейбітшілік мәдениеті арнаулы сыйлығының өзіне табыс етілуі Семей полигонындағы ядролық сынақ зұлматын басынан өткерген Қазақстан халқымен ниеттестіктің көрінісі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті полигонның жабылған күнінің аса маңызды белес екенін, өйткені дәл сол кезден бастап біздің ел ядролық қарудан ада әлем қалыптастыру жолына бет бұрғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырда адамзаттың ядролық қатерден ада әлемге лайықты жол таба алатынына сенетінін жеткізді.
***
Мемлекет басшысы Жапония Парла-ментінде сөйлеген сөзінде халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында Қазақстанның атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып, ядролық қауіптен ада әлем қалыптастыру үшін бірлесе күш-жігер жұмсаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапония Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі 9-шы конференцияның тең төрағасы міндетін атқаруға кіріскенін және соған орай тараптар аталған құжаттың тезірек күшіне енуіне қатысты маңызды екі саяси мәлімдеме қабылдағанын еске салды. Қазақстан Президенті биылғы наурыз айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде жария еткен өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне де тоқталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс