Күн сәулесінен қуат алатын электр станция

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен өткен аптада Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарында болып, осы өңірлердің жағдайымен танысты, ауыл әкімдерімен және шаруашылық басшыларымен кездесіп, көктемгі егіс науқанын қысқа мерзімде сапалы өткізуді, басқа да қойылған талаптар мен жүктелген міндеттерді дәйекті шешуді тапсырды.

Өңір басшысы жұмыс сапарын Целиноград ауданынан бастап, «KBEnterprises» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн сәулесінен қуат алатын электр станциясының алғашқы тасының қалану рәсіміне қатысты. Жаңа жоба – шын мәнінде атап айтуға тұрарлық айрықша құнды бастама. Жобалық құны 150 миллион евроны құрайды. 100 пайыз қазақстандық компания болып есептелетін ұжым осы ауданда тіркелген. Инвестицияның 70 пайыздық үлесі өз еліміздікі. Ал, 30 пайыздық үлесіне Түркия, Германия және Нидерланды мемлекеттерінің шетелдік компаниялары еніп отыр. Жоба 2017 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Күн сайын 100 МВт электр қуаты өндіріледі деп болжануда. Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 300 гектар жер телімі бөлініп берілген. Станцияға Германия мен Нидерландының осы заманғы озық үлгідегі құрал-жабдықтары қойылуда. Нысан толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде тұрақты 70 жұмыс орны болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс