Күн тәртібінде – дебиторлық берешекті өтеу

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ұлан Сарқұловтың төрағалығымен 13 қазанда өткен жиында «Көкшетау Жылу» және «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының дебиторлық берешектерін өтеу мәселесі талқыланды. Жиын барысында бұл бағытта жеке және заңды тұлғалардың дебиторлық берешегін өтеуге байланысты атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алда тұрған міндеттер айқындалды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 13 ақпанға дейінгі аралықта «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының талап-арыз жұмыстарының нәтижелері бойынша 79 764 320 теңге сомасында сотқа 1473 талап-арыздары берілген. Олардың ішінде, жеке тұлғалар бойынша – 62 178 624 теңге сомасында 1431 арыз, заңды тұлғалар бойынша – 17 585 696 теңге сомасында 42 арыз. Ал, «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 128 200 000 теңге жалпы сомасында сот орындау-шыларына 3445 атқарушылық парақтар жолдап, оның ішінде 2229 өндірістік іс бойынша 76 700 000 теңге сомасында қаржыны өндіріп алды. Сумен жабдықтау көрсеткіштерін автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында уақытты және ақшаны үнемдейтін «Whats App» жедел ақпарат алмасу жүйесі енгізілді. Жиналыста талқыланған мәселелер бойынша Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпорындар директорларына өз сайттарын жаңартуды, онда дебиторлық берешек туралы мәліметтерді орналастыруды тапсырды. Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін комиссиялық емес төлем терминалдарын пайдалану, сондай-ақ, тұтынушыларға «онлайн» режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу мүмкіндіктерін қарастыру ойластырылды. Дебиторлық берешектің төмендеу динамикасын жүзеге асырудың нәтижесінде «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ағымдағы жылғы маусым айындағы 338 646 000 теңге дебиторлық берешегі 13 қазандағы көрсеткіш бойынша 134 400 000 теңгеге азайды. Сондай-ақ, «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 190 000 000 теңге дебиторлық берешегі бүгінгі күні 152 000 000 теңгені құрап отыр. Бұл мәліметтер аталған кәсіпорындар тарапынан дебиторлық берешекті азайтуда мақсатты жұмыстар жүргізіп отырғандығын аңғартады.

Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий