Күн тәртібінде- қаланың күтімі

Қала әкімі Ермек Маржықпаев өткізген кезекті жиында үстіміздегі жылдың жеті айының қорытындысы, облыс орталығының тазалығы, көгалдандыру, көрнекі үгіт құралдарының күн тәртібіне орай жаңғыртылуы, өрт пен судан сақтық мәселелері кеңінен сөз болды.

Алдымен, аяқталып қалған жылдың жетінші айының көрсеткіштері талқыланды. Жалпы, қала жарты жылдықты жақсы қорытындылады. Енді, осы жетістікті жалғастыру үшін әр ай сайын әр бөлім өз жұмысын жоспарға сай жүргізуі тиіс. Қай тұста кемшілік, жетіспеушілік бар, сол жағдайлар екшеліп, іске кедергі жәйттер дер кезінде жария етілсін. Бұл мәселе бойынша қаржы бөлімінің жетекшісі Гүлнар Құсайынова мен экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлмира Шұқатованың хабарламаларын тыңдады. Сондай-ақ, басқа бөлімдердің бүгінгі таңдағы атқарып жатқан істері жөнінен ақпарларын саралады. Негізінен мектептерді жаңа оқу жылына дайындау, жөндеуден өткізу аяқтала келген. Балалардың жазғы демалысы дұрыс ұйымдастырылуда. Көшедегі тақырыбы ескірген бильбордтарды ауыс-
тыру керек. Балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салу ширақ жүргізілсін. Гүлзарлар күтімі тиянақты болып, арам шөпті шабу мен жұлу үнемі көзден таса болмасын. Жаз айларында өрт пен суға кету қауіпсіздігін тиісті құрылымдар қамтамасыз етсін. Қала әкімі Ермек Маржықпаев әр сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, осы айды ойдағыдай қорытындылауды талап етті.

«Көкше-ақпарат»

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс