Кәсіби қаржыгерлер – алтын қорымыз

Әрбір мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі, дамуы оның валютасына байланыс-ты. Осыдан 26 жыл бұрын ұлттық валютамыз айналымға еніп, маңызды шешім қабылданған еді. Сол кездегі дағдарыстан сүрінбей өткен еліміздің экономикасы бүгінде нық дамып келеді. Бұл ретте өз ісіне адал берілген білікті қаржыгерлердің тигізген үлесі зор.

Гүлмира ШҰҚАТОВА,
Көкшетау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі

1991 жылы 17 желтоқсанда мемлекетіміздің маңызды заң актілерінің бірі – «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» Заң қолданысқа енгізілді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі «іске кірісті». Бұл өте маңызды оқиғалар еді. Себебі мемлекет тұрмақ, кішкентай отбасының бюджетінде тәртіп болмаса, болашақты жоспарлау мүмкін емес. Осы кезең Қазақстан үшін ауыр сынақ болумен қатар, сыртқы саясат аренасында белгілі жетістіктерге қол жеткізіп, әрбір адамның әл-ауқаты мен жағдайын жақсарту, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жылдары болды. Ауыр сынақтан ең әуелі, әрине, ұлттық экономика мен қаржы саласы өтті. Дағдарыс жағдайында басымды инфрақұрылымды және индустриялық жобаларды, әлеуметтік саланы, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын, ауылшаруашылығын дамытуды қаржыландыруға қомақты қаржы бөлінді.
Өз кезегінде қаржыгер мамандығы жауапкершілік пен біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Егер қаржыландырмаса, бір кәсіпорын ғана емес, бүкіл елдің дамуы қиынға түседі. Бүгінгі күні қалада қаржы саласында шешіліп, атқарылып жатқан игі істер көп. Ал, сол жұмыстар сала қызметкерлерінің еңбегі мен жемісі. 2017 жылғы қала бюджетінің көлемі 30535138,2 мың теңгені құрап отыр. Биыл қала бойынша өндірістегі индекс көлемі – 100,1%, ауылшаруашылығы бо-йынша–106,1%, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі – 101,6%, құрылыс жұмыстары бо-йынша – 113%, салынған тұрғын үй көлемі – 141%, бөлшек сауда айналымындағы индекс көлемі – 108% құрап отыр. Тарихқа үңілсек, қаржыгерлердің қаржылық даму ісіне қомақты үлес қосқанын аңғару қиын емес. Олар қазақстандық қаржы саласы тарихының тәуелсіздікпен бірге ашылған жаңа парағын толтырушылардың қатарында болды және бүгінде сол үрдісті жалғастырып келеді. Сондықтан олар біздің әрбір қадамымыз бен әрекетімізді бақылап, қателігімізді бетімізге айтуға, ел алдында сала қызметкерлерінің беделін түсіріп алмау үшін дұрыс жол сілтеуге құқылы. Қаржыгерлер жоғары кәсіби шеберлігімен, сауаттылығымен, жауапкершілікті сезіне білуімен ерекшеленеді. Кәсіби біліктерінің жоғары болуы оларға қала әлеуетін арттыру жолында қойылған міндеттерді қысқа мерзімдерде орындауға көмектеседі. Қазіргі таңда экономистер алдында ақша қорларын сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсауды тиімді басқару сияқты елеулі міндеттер тұр. Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі – мемлекет қаражатын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, ел экономикасының дамуына жағдай жасау. Бүгінде Көкшетау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде 13 адам еңбек етеді. Өмірлерін осы саламен байланыстырған ұжымның дені жастар. Атап айтқанда, бөлім жетекшісінің орынбасары Әсем Қабдуллаева, сектор меңгерушісі Алмагүл Шәкірова, бас маман-бухгалтер Динара Арықбаева, бас мамандар Күләш Әбжанова, Саягүл Тушанова, Игорь Макаров, Жәнібек Жақыпов, Еркежан Әпиева, Анар Ыбыраева, Аягөз Темірбаева, жетекші маман Игілік Оспанов қала экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.
Бүгінде әрқайсымыз ел экономикасының өркендеуіне куә болып отырмыз. Қазақстан экономикасының қазіргі дамуы сатысында қаржы секторы жаңа сапалы деңгейге көшті. Еліміздің қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда ең үдемелі жүйе ретінде танылды. Мұны халықаралық жетекші сарапшылар да растап отыр. Бұл ретте өз ісіне адал берілген білікті қаржыгерлердің тигізген үлесі зор. Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзіндік артықшылығы, қайталанбас тарихы, өз құндылығы бар. Алдағы кәсіби мереке қарсаңында барша қаржыгерлер мен қаржы саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектеріңіз келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспін.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий