Кәсіпкерлерге қойылатын шектеулер

Көкшетау қаласындағы бірнеше балабақша биылдан бас-тап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарттың негізінде жұмыс істейтін болады. Дегенмен, бөбекжайдың қаржылық жағын қолына алған кей кәсіпкерлер бұрынғы ұжымда өзгеріс енгізгісі келіп, кей қызметкерлерді қысқартып, соған қатысты ұжымда келіспеушіліктер орын алған еді.

Дәл осындай кикілжің Красный Яр селосындағы «Әмина» балабақшасында болған. Соған орай қала әкімі Ермек Маржықпаев бұған дейін мемлекеттік қана болып келіп, қазір жекеменшік деген атауды қоса алған бөбекжай меңгерушілері және жеке кәсіп иелерімен кездесті. Бизнес саласының өкілдеріне өз құқықтары мен шектеулерді айтып түсіндірді. Оның бастысы, балабақшаны өз қарамағына алған кәсіпкер жаңа ақылы қызмет түрлерін, білім алудың жаңашылдықтарын енгізіп, балаларды сауықтыруға қатысты қажеттінің бәрімен жабдықтауға құқылы. Ал, топтарды қайта құруға, өзгертуге, штатты қысқартуға қақысы жоқ. Тек бейнебақылау орнатқан кезде, оның тілін білетін маманды алмастыруға болады. Байқау қорытындысы бо-йынша жеке әріптестік байланыс орнату мақсатында облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі және жеке кәсіпкер арасында 30 жылға келісім жасалған. Оның басты мақсаты, білім саласын жаңғырту. Бұл шаралар бір жылдың ішінде аяқталуы тиіс. Алдымен 3 мектепке дейінгі мекеме жеңімпаз деп танылды. Олар: «Қарлығаш», «Өркен» және «Әмина» балабақшасы. Екінші қайтара жүргізгенде «Болашақ» пен «Аққу», ал үшінші кезеңде «Әсел» балабақшасы осы жобаға енді. Мемлекеттік әріптестің басты мақсаты «Білім туралы» ҚР Заңын, Еңбек кодексін сақтау, жеке әріптестің қаржылық есебінен хабардар болу, келісімшарттары бұзылған жағдайда бірлесіп жұмыс істеуді мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік тапсырыс-ты орындау. Жеке әріптестің мақсаты аталған мекемеге жөндеу жұмыстарын жүргізу, мүліктің бүлінбеуіне, санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, инженерлік желілерге жауапты болу. Жұмыс орындарын сақтауға, балабақша меңгерушісін тағайындау мен босатуда қалалық білім бөлімімен келісуге, аталған нысан мен жер учаскесін өзге адамға бермеуге, бухгалтерлік және қаржылық есепті заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Осы және басқа да талаптар кездесу барысында түсіндірілді. Қала әкімі Ермек Маржықпаев бәрі заң жолымен жүзеге асуы тиіс. Сондықтан жекеменшік әріптестердің шектен шығуына жол берілмейді деді. Ал, балабақша меңгерушілері бастапқыда ұжымда түсінбеушіліктер орын алғанын, қазір мән-жай анықталғаннан кейін жұмыс қалыпты атқарылып жатқанын айтты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий