Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің үшжақты әріптестігі картасының тұсаукесері өтті. Шараны «Sara» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағанбетова ашып, жүргізіп отырды.

IMG_6506

Облыстық басқарма төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес компаниялары мен кәсіпкерлер қатысқан жиынның мақсаты – өңірдегі әлеуметтік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдар мен бизнестің салааралық әріптес-
тігін нығайтуға ықпал ету, біріккен әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобалар мен шаралар арқылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету.
– Үкіметтің үкіметтік емес ұйымдарымен бизнес арасындағы әріптестік қатынасты дамыту арқылы қайырымдылық шара тәрізді көптеген мәселелерді шешуге болады. Ол үшін  бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар өздерінің белсенді ұстанымын жетілдіруі керек. Соған орай азаматтық форумда ұсыныстар мен ескертулер айтылды, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Архат Айбабин.
Шарада облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Еркебұлан Баяхметов «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Бурабай ауданындағы филиалына қайырымдылық жасап жүрген кәсіпкер Ботагөз Таукенованы Алғыс хатпен марапаттады.Отырысқа қатысушылар «Sara» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағанбетованың облыстағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің үшжақты әріптестігі картасының тұсаукесеріне назар аударды. Тұсаукесерде үшжақты әріптестіктің тепе-теңдігі, әріптестіктің мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнеске не беретіні  жөнінде атап өтілді. Әріптестік – бұл келісім-шарт. Үшжақты әріптестіктің міндеті өзара үлесті молайту болып табылады. Қазақстанның үкіметтік емес саласы 25 жыл бойы қайырымдылықпен айналысып, тәжірибе жинақтады. Енді дамудың жаңа кезеңі басталды. Әлеуметтік әріптестік ерекше қатынас болып табылады. Бұл әлеуметтік жағдайды өзгертуге бағытталған қоғам мен экономиканың өзара жұмысы болмақшы. Сондықтан, әріптестіктің жаңа түрін іздеу қажет. Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасы басшысының орынбасары Шынар Мусина әлеуметтік көмек көрсету кезінде бизнеске жасалатын жеңілдіктер, үкіметтік емес ұйымдар төлейтін салық жөнінде айтып берді. Бұдан кейін үкіметтік емес ұйым үшін бизнес өкілдері ұсыныс жасады. Мәселен, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Рүстем Қалышев «Sara» қоғамдық қорымен бірге жұмыс істеп, көптеген жобаларды жүзеге асырғандарын, алдағы уақытта жұмысшы мамандығын насихаттайтын бейнеролик түсіргілері келетінін атап өтті. Бес жыл бойы №13 және №18 орта мектептің оқушыларын Щучинск-Бурабай курортты аймағына саяхатқа апарып жүрміз. Бұл оқушылар – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары. Мемлекет басшысының Жолдауында жұмысшы мамандығының беделін көтеру жөнінде айтылған. Осы орайда, еңбек адамдары жөнінде бейнероликтер жасағымыз келеді, – деді Рүстем Қалышев. Осы жерде бұл жобаны қолдаушылар да табылды. Сондай-ақ, дәрігер Гауһар Кәмалиева мүмкіндігі шектеулі балалардың орталығын ашу жобасын ұсынды: «Қызым алты айлығында инсульт алып, жүре алмай қалды. Дәрігерлер дәрі беруден өзге ем жасай алмады. Сөйтіп, өз қиыншылығыммен жеке қалдым. Кейін өзім сияқты мүмкіндігі шектеулі Аяулым есімді анамен таныстым. Онымен сөйлесе келе ананың қолынан бәрі келеді деген сенім пайда болып, қызымды жүргізуге әрекет жасадым. Денешынықтырумен айналыстық. Еңбегім зая кетпеді. Қазір он жастағы қызым аяғын басты. Осындай балалардың жан-жақты дамуы үшін арнайы орталық ашқымыз келеді. Ол үшін бізге көмек қажет».
Осы орайда, «Восточные сладости» кондитер цехының басшысы Рафик Касумов көмек сұрай келген адамдарға қолым ашық деген ниет білдірді. Отырыс барысында «Муай Тай» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Добычин ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларды спортқа тартып жүргенін, тұрғын үйдің жертөлесінде ашқан спортзалына спорттық жабдықтар қажеттігін алға тартты. Отырыс соңында аталмыш жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс