Кәсіподақ тұрмысы

«Мемлекеттік қызметкерлер салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының кезекті пленумы өтіп, онда ұйымдық мәселе қаралды. Салалық кәсіподақ орталық комитетінің келісімі бойынша Боранбай Кәріпқалиұлы Бегалин осы филиалдың төрағасы болып сайланды. 

Пленумда облыстық кәсіподақтары орталығының төрағасы Кеңес Бекішев сөз сөйлеп, облыстық филиалдың алдында тұрған өзекті міндеттерді атап көрсетті. Жаңадан сайланған төрағаға еңбекте жаңа табыстар тіледі. Өздеріңіз білесіздер, Боранбай Бегалин облысымызға танымал тұлға. Ол бірнеше мәрте Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы лауазымында сайлаушылардың өзіне жүктелген міндетін абыроймен атқарды. Пленум жұмысына мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағы орталық комитетінің мүшелері Мейрамбек Есмағамбетов, еңбек және көші-қон комитетінің департамент басшысы Қабдуәли Құлышев қатысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс