Кәсіподақ қамқорлығы

«Сенім» салалық кәсіподақ ұйымы азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. Соның бір дәлелі, медициналық мекемелерде қызмет етіп, коронавирустық инфекциядан қайтыс болған мамандардың отбасыларына 1 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетуі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде коронавирус инфекция-сын жұқтырған медицина қызметкеріне 2 млн, ал Covid-19 вирусынан қайтыс болған медқызметкерлердің отбасына – 10 млн теңге өтемақы төленеді. Бірақ, медициналық мекемелерде қызмет етіп, бұл санатқа кіре алмай қалған басқа да мамандар бар. Бұл жолы сол тізімге енбей қалғандар назарға алынды. Облыстық  көпбейінді №2 ауруханада медбике, СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу орталығында есепші, Егіндікөл аудандық ауруханасында медбике қызметін атқарып, вирустан қайтыс болған мамандардың отбасыларына да 1 миллион теңгеден табысталды.
Айта кетейік, бүгінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына еліміз бойынша 230 мың, облыс бойынша 10 мың адам кіреді. «Сенім» кәсіподақ ұйымы 2 жыл ішінде бірнеше отбасына 3,5 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын табыстаған. Өңірге келген жас мамандардың әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде қаражат ұсынды. Жалпы, карантин кезеңінде салалық кәсіподақ есебінен медицина қызметкерлеріне 11 миллион теңгеге тиісті көмек көрсетілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий