Көз алдымызда көркейеді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы бірқатар нысандарда болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар кезінде Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды. 

Алдымен өңір басшысына облыс орталығындағы Вавилов көшесіне жүргізілетін күрделі жөндеудің жобасы таныстырылды. Ұзақ жылдардан бері жөндеу көрмеген көше «Жайлау» мөлтек ауданындағы әлеуметтік маңызды нысандармен және «Көкшетау-Зеренді» автокөлік жолымен байланыстыратын магистральдің бірі. Көшеге бұған дейін асфальт төселмегендіктен, жаңбыр, қар ерігенде қара топырақ лайға айналатын. Екіжылдық жоба 2018-2019 жылдары жүзеге асырылмақшы. Арақашықтығы 1853 метр үшжолақты асфальт-бетонды жол салынады. Жобаға суағарлар, жарықтандыру, аялдамалар, көлік қоятын орындар, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер жолы да кіреді. Жобаны талқылауға мөлтек
аудан тұрғындары да қатысты. Бастамашыл топтың жетекшісі Сабыржан Дүйсенов тұрғындар көгалдандыру бағдарламасына белсене қатысатынын жеткізді. Өңір басшысы Мәлік Ғабдуллин музейіне арнайы атбасын бұрды. Экспозициялық залдарды аралап көріп, кітап көрмесімен танысты. Музей қорында батыр, ғалым жерлесіміз жайлы 20 кітап сақтаулы тұр. Ғылыми қызметкерлермен тағы 11 кітап шығаруға материалдар жиналғанын естіген облыс әкімі оған қажетті қаражат мәселесін шешу мақсатында мәдениет басқармасының басшысына тапсырма берді. «Батыр, ғалым өмірінің беймәлім беттері тарих қойнауында қалып қоймауы тиіс. Бұл туралы барша қазақстандықтар білуі тиіс», – деді өңір басшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий