Көктемгі ағын судың алдын алу шаралары

Күн жылынып, қар еріп, облыс орталығында кез келген уақытта ағын су басу қаупі қалыптасуы мүмкін. Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасына орай төтенше жағдай мамандары мен коммуналдық қызмет техникалары тәулік бойы кезекшілік жұмыстарын жүргізуде.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ақпаратына сүйенсек, биыл ағын судың алдын алу шараларына бюджеттен 32 миллион теңге бөлінген. Жоспарға сәйкес жедел әрекет ететін штаб құрылып, ауа райын болжау орталығымен ақпар алмасу жұмыстары жүйеленіп, арықтарды тазартуға қатысты «Көкше-Жәрдем» және «Көкшетау Су Арнасы» мекемелерімен келісімге қол қойылды. Ал, «БВР Техно Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзен сағаларындағы мұзды жару жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, Красный Яр, Қызыл Жұлдыз селолары мен Станционный поселкесінде тәуліктік көлік күзеті қойылды. Күннің күрт жылынуына орай көктемгі ағын судың алдын алу шаралары қолға алынды. Көкшетау қаласын «қызыл су» басуды болдырмау үшін коммуналдық қызмет пен әкімшілік қырағылықты күшейтті. Соған орай жер үйде тұратындардың реніш білдіріп жатуы заңды құбылыс. Дегенмен әр адам өз үйінің маңын уақытында қардан тазартып отырса, қауіпке тосқауыл қоюға әбден болады. Коммуналдық қызмет саласы қарап отырған жоқ. Оны төмендегі деректер дәлелдейді. «Көкше-Жәрдем» мен «Көкшетау ДЭУ» серіктестіктері өткен жылғы қазанның 22-нен бастап Көкшетау қаласы аумағынан 237 636 текше метр қар шығарып, 25 864 мың метрлік ағындық кәріз науалары тазартылған. Күн сайын қала көшелерін қардан аршитын 62 бірлік техника мен 110 жұмысшы осы шаруаларға тартылған. Суды сору, инертті материалдарды жеткізу, құбырларды жуу мен ыстық су құю жұмыстарына «Тазалық», «Көкшетау Су Арнасы» мен «Көкшетау Жылудан» қосымша ресурстар бөлінді. Ақпанның 27-нен бастап Красный Яр селосындағы су жинаушы тоғанға 4 мың тонна ірі құм жеткізіліп, дамба бекітілді. Тұрғындардың өтініші бойынша 2 мың қап құм тағы апарылды. Застанционный, Нұрлы көш поселкесіндегі бірнеше көше, Қопа көлінің маңы қардан тазартылды. «Шиманский» жекеменшік кәсіпорны 11,5 мың текше метр қарды сыртқа шығаруға көмектесті. Мектептердің маңында халықты эвакуация-
лау пункттері, «Губоль» жекеменшік кәсіпорны мен «Агротрейд Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында мал қабылдайтын
орындар ашылды. Қазір көктемгі ағын судан сақтану шараларына орай пәтер иелері кооперативтері, тұрғындар тартылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс