Көктемгі жәрмеңке көңілден шықты

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдындағы алаңда ауыл- шаруашылығы тауар өндірушілерінің алғашқы көктемгі жәрмеңкесі болып өтті. Бұл жолы қала жұртшылығына Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Біржан сал аудандары мен Көкшетау қаласының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Таң атысымен жәрмеңке орналасқан жерге жиналған тұрғындардың қарасы қалың болды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, жәрмеңкеде жалпы құны 40 миллион теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері саудаланды. Бұл күні жергілікті тауар өндірушілер өнімнің 40 түрін жеткізіп, тұтынушыларға нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынды. Аудан еңбеккерлері ұсынған өнімдер қызу саудаға түсіп, қала халқына 23 тонна ет және шұжық өнімдері, 4,9 тонна балық, 141,5 мың дана жұмыртқа, 5,3 тонна сүт және сүт өнімдері, 12,5 тонна картоп, 2 тонна көкөніс пен басқа да ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылды. Ең бастысы, барлығы сапалы, әрі қолжетімді бағамен сатылды. Жәрмеңке алаңында тұтынушылардың қарасы көп болуы да содан. Сары май, жұмыртқа сатып алу үшін тұтынушылар ұзын-сонар кезекке тұрды, аталған тауар түрлеріне сұраныс көп болды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий