Көктем шуағы

Облыс орталығындағы Науан хазірет мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен «Көктем шуағы» фестиваліне 200-ден аса нәзік жандылар қатысты.
Шараға қатысушы қыз-келіншектерге ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, сəнді əшекейлер, хнамен сурет салу, шаш үлгісін жасау, тəтті тағам түрлерін дайындау жəне бет күтіміне қатысты мамандардан кеңестер берілді. Косметолог мамандар, басқа да сан қырлы маман иелерінің ақпараттарын қатысушылар қызығушылықпен тыңдады. Кеш Көкшетаудағы «Ақбота» жəне «Сахара» дүкендерімен ұсынылған көйлектерінің сəн көрсетілімімен жалғасын тапты. Викториналық ойын жеңімпаздарына «Лондон» спорт-бар, «Тонус» фитнес клубы, «Моя Семья» дүкенінің демеушілігімен сыйлықтар табыс етілді.
«Ізгі аналар» жəне «Айғаным» қыздар клубының атсалысуымен өткізілген «Жақсылықтың жаршысы» атты онкүндік шараның қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға дипломдар берілді. «Фестиваль барша нәзік жандылардың көңілінен шықты. Орамал кез келген нәзік жандыға жарасатыны айқын, кеш барысында қыз-келіншектер ерекше сұлу көрінді. Түрлі викториналық ойындарда келген қауымның ой жүйріктігі сыналды. Шараға қатысушылардың билеттері бойынша ойналған ұтыс ойыны да мерекелік шараның шырайын кіргізді. Жеңімпаздар екі кісіге арналған кешкі ас, фитнес залға тегін жолдама, массажға тегін сертификат және басқа да құнды сыйлықтарды иеленді», – дейді фестивальға қатысушы Айсұлу Қадырова.
Шара соңында осы онкүндік барысында ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Оның ішінде қыздар арасында өткізілген эстафеталық жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға «Науан» тобы лайық деп танылды. «Ислам – менің таңдауым» атты шығармалар байқауына белсене қатысқан шәкірт қыздар да алғыс хаттарға ие болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий