Көкшеден түлеп ұшқан көк қаршыға

Осындай тақырыппен Әдебиет және өнер музейі жазушы Төлеген Қажыбайдың 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өткізді. Кешті айтыскер ақын, Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрислам Әбділ арнау жырмен ашты.

«Бұқпадай жатағандай тау болсаң да, Жатырсың күллі таудың мысын басып!» деп түйді ол төгілген түйдек-түйдек ойын. Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сәбит Жәмбек жазушы шығармашылығы жайында баяндама жасап,  оның поэзиясының қыр-сыры, ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Кеш иесін «Бұқпа!» газетінің директоры Қайыргелді Әкімбеков, облыстық тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алпыс Бекенов құттықтады. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарын музей директоры Нұрбек Нұралы табыстады. Әйгілі әнші Қажыбай Жахин Төлеген өлеңіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың «Әгугай домбырасын» нақышына келтіріп орындаса, өнерпаз Сәрсенбай Хасенов Т.Қажыбайдың сөзіне жазған жаңа бір әнін шырқады. Танымал әншілер Бекболат Өтеулиев пен Мереке Бекмағамбетов те жазушы тойын әнмен әрлендірді. Төлеген Қажыбай оқырмандарға өзінің өмір жолы, өскен ортасы, шығармашылық ізденістері, бүгінгі-кешегі қоғам жөніндегі ішке бүккен қордалы сырларын айтып, осындай кеш ұйымдастырған музей қызметкерлеріне риза-шылығын жеткізді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий