Көкшеліктер жақсы әсерге бөленді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Елордамызда бастау алған Ақмола облысының мәдениет күндері шеңберінде өткізілген шараларға көкшетаулық 90 қария қатысты. Олардың арасында соғыс және тыл ардагерлері, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан өндіріс жетекшілері, білім, мәдениет, ғылым саласының білікті мамандары бар. Олардың бәрі бұл сапарға ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай қала әкімінің демеушілігімен келіп отыр. Арнайы бағдарлама бойынша жерлестеріміз

IMG_4887«ЭКСПО-2017» қалашығына табан тіресімен осындағы таң-ғажайып павильондарды, архитектураның ең соңғы үлгілерімен салынған әсем ғимараттарды аралап, онда топтастырылған ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарымен танысты. Шексіз қуанышқа бөленген қариялар қысқа мерзім ішінде Астананың көркіне көрік қосып, тым сәулеттеніп кеткендігіне өздерінің таңқалыстарын білдіріп жатты. Және де осындай мәртебелі мүмкіндікке ие болғандықтары үшін жергілікті атқарушы билік органдарына шынайы алғыстарын білдірді.

Ақмола облысының Астанадағы мәдениет күндері мынадай қызықты шараларды қызықтай аласыздар:

IMG_4878

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, мемлекеттік қызметшілер кәсіподақ комитетінің төрағасы Боранбай Бегалин:
«Астанада жұмыс бабымен жиі болып жүрсек те бұл сапар маған ерекше әсер етті. Біріншіден, ел игілігі жолында қажырлы еңбек еткен аға ұрпақ өкілдеріне үлкен ілтипат білдіріліп, құрмет көрсетілуі болса, екіншіден, «ЭКСПО-2017» көрмесіндей ел өміріндегі айтулы оқиғаны көзбен көрудің, жүрекпен сезінудің өзі үлкен бір ғанибет емес пе».

Кеше, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы алаңда Ақмола облысының мәдениет күндері салтанатты жағдайда ашылды. Оған өңірдегі таңдаулы өнер ұжымдары, республикалық, әлемдік байқауларда лауреат атанған танымал әншілер қатысты.
22-25 маусым аралығында «Қазанат» ипподромында орналасқан этноауылда Шортанды, Бурабай, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласының көркемөнер шеберханасы ісмерлерінің, сондай-ақ, «Блэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын бұйымдардың көрмесі өтеді. Сондай-ақ, бүгін осы жерде Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары астаналықтар мен меймандар үшін «Дала сыры» концертін қояды.
23 маусымда «Отан қорғаушылар монументі» жанында «Ақмола жұлдыздары» Гала-концерті өткізіліп, қолөнершілердің бұйымдары және сурет көрмесі өтеді. Ал, осы күні амфитеатрда орыс драма театры М.Шахановтың «Шыңғысхан» повесі бойынша рок-операны көрсетпек.
24 маусымда Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры өздерінің «Көкше әуендері» концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынбақ. «Жастар» сарайында аталған театр ұжымы Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасын қояды.
21-25 маусымда А.Горький атындағы орыс драма театрында Ақмола облыстық драма театры «Бременские музыканты» балалар спектаклін көрсетеді. Астаналық көрермендер, сондай-ақ, осы театрдың «Бесприданница», «Қарагөз», «Алые паруса» қойылымдарын тамашалайтын болады.
25 маусымда Ақмола облысының Астанадағы мәдениет күндерінің шымылдығы Е.Шварцтың «Дракон» трагифарс қойылымымен жабылады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс