Көкшетаудағы пікірсайыс турнирі

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне арналып, Көкшетауда ІІІ дәстүрлі республикалық «Үш Би» пікірсайыс турнирі өтті. Оны ұйымдастырушылар – Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Ақмола пікірсайыс лигасы. Турнирге Астана, Қостанай, Қарағанды, Орал, Ақтөбе қалаларымен бірге барлығы 40 команда қатысты.

Пікірсайыс турнирі қазақ және орыс тілдерінде халықаралық британдық парламенттік форматы бойынша өткізілді. Бес іріктеу ойындарынан сүрінбей өткен 8 команда ақтық ойында күш сынасты.  Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана қаласынан «Опатоп» командасы және Қарағанды қаласынан «Ойлан, тап» командасы иеленді. Елорданың «Задоринки» және «Ұлы парасат жауынгерлері» командалары екінші орынға ие болды, үшінші орынды «Кокшетауские пряники» командасы және Астана қаласынан «Сынба бауырым» командасы иеленді. Үздік спикерлердің атағын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Бауыржан Әшірәлі және Назарбаев университетінің студенті Алексей Швырко алды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс