Көкшетауда бояулар мерекесі өтті

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, тамашалады.

«Posadi DDerevo.kz» қоғамдық қорының төрайымы Евгения Беляеваның мәліметінше, бірінші фестиваль 2013 жылы Алматы қаласында өткізіліп, екі жүз елу қатысушы жиналған екен. «ЯРКОкросс» деп аталатын мерекенің өз ерекшелігі, қатысушыларға табиғи бояулар шашып, қызыққа бөлеу. Әрі қайырымдылық шарасы. Одан түскен қаржы қаланы абаттандыруға жұмсалады. «Осыдан екі жыл бұрын «ЯРКОкросс» Ақмола өңірінде алғаш рет Бурабай курортында өткізілді. Жыл өткен сайын қатысушылардың саны артуда. Бұл жолы аталған шараға қатысуға тілек білдіргендердің саны 500 адам болса, нақты қатысқаны мыңнан асты», – дейді Евгения Беляева. Айта кету керек, аталмыш қайырымдылық шарасы биылғы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында да ұйымдастырылды. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында әртүрлі ойындар өткізіліп, жеңімпаздар-ға сыйлықтар тапсырылды. Көкшетауда ұйымдастырылған шараға «Көкшетау минералды сулары» АҚ демеушілік көмек көрсетті.
«ЯРКОкросс» деп аталатын түстер мерекесі бұған дейін Австралия, Бразилия, Германия, Португалия, АҚШ және Чили елдерінде аталып өткен.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий