Көкшетауда жаңа туған Əлиге домбыра сыйланды

«Нəресте түнгі сағат 01:00-де дүниеге келген. Бойы 54 сантиметр, салмағы 4,8 келі. Ата-анасы ұлдарына Əли деп ат қойды. Бүгін бұл перзентханада барлығы 4 нəресте дүние есігін ашты», – дейді Ақмола облыстық перинаталдық орталығының дəрігерлері. Әлидің анасы Әсем Несіпбаева мұндай тосын сыйды күтпесе керек, тосырқап қалды. Алайда, Елбасының Жарлығына сәйкес атқарылып жатқан шаралардың бір парасы екенін білгенде жүзі бал-бұл жанды. Қазақтың киелі домбырасын ертең ұлым есейгенде тартатын болады дейді ол. Өйткені, ұлттық аспапта әр қазақ ойнай білуі тиіс, әрі әр қазақ шаңырағында домбыра міндетті түрде болуы тиіс. Бұл өзгермейтін заңдылық сияқты. Кішкентай Әли мен анасын құттықтауға келген  Қазақстан халқы Ақмола облысы ассамблеясының мүшелері шараның мақсаты, ұлттық құндылығымызды дәріптеу арқылы қазақ халқының басты музыкалық аспабы домбыраны насихаттап, келешек ұрпақ үшін мұра ретінде қалдыру дейді. Ал, Әли мен анасына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова домбырамен ән салды.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий