Көкшетауда жел электр станциясы іске қосылды

Көкшетаудың іргесінде жел электр станциясы іске қосылды. Нысанда әзірге 5 қондырғы бар. Қондырғылардың әрқайсысы сағатына 750 киловатт қуат өндіреді. Бұл – шамамен 1 жарым мың жеке үйге жетерліктей энергия. Алдағы уақытта тағы 7 қондырғы қойылады. Кейін де олардың саны көбейтіліп, станция жанынан электр қуатын тарататын кешен тұрғызылады. Жалпы, бұл нысан аймақтағы үшінші жел электр станциясы. Қазір облыста баламалы қуат көзінің үлесі 20 пайызға жақындады. Сала мамандарының айтуынша, 2023 жылға қарай өңірде тағы 6 жел электр станциясы іске қосылып, көрсеткіш 45 пайызға жеткізіледі. Ірі-ірісі, ең бірінші Ерейментау «Вин-поуер», содан кейін «Сатек-Аршалы» тағы да екінші бөлімі қосылады. Содан кейін «Кавейтер прозес» деген Целиноград ауданында тағы бір станция қосылуға тиісті, – деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Тимур Хамзин.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий