Көкшетауда өңірлік тестілеу орталығы ашылды

Көкшетау қаласының оқушылары үшін Горький көшесі 9 «а» үйде «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығы ашылды. Енді оқушылар заманауи әрі ыңғайлы жағдайда ҰБТ мен емтиханға жақсы дайындалу үшін мектепте алған білім сапасын тексере алады.

«Ustudy» өңірлік тестілеу орталығы – бұл «Ustudy» білім беру бренді және Ұлттық тестілеу орталығы іске асырып жатқан жоба. Осыған дейін мұндай орталықтар Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерінде және де Қарағанды қаласында ашылған болатын. Оқушыларға арналған әдемі, ыңғайлы және технологиялық тестілеу орталықтарын ашу – Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан Республикасы өңірлерінің білім басқармалары мен «Ustudy» компаниясының бірлескен жобасы. Бұдан басқа, қазір өңірлік тестілеу орталықтарының желісі білім саласына және жалпы қоғамға өз пайдасын тигізу үшін Қазақстан Рес-
публикасының Білім және ғылым министрлігімен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бойынша жұмыстар атқаруда. Оқушылардың тестілеуден өту процесіне жаңаша көзқараспен қарауға барлық жағдайлар жасалды. Орталық 1 мың шаршы метрдей аумақты алады, 150 қондырмалы орындар жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталған. Орталықтың ішкі дизайнымен еліміздің алдыңғы қатарлы дизайнерлері айналысты.
Тестілеу орталығының салтанатты ашылуына Ақмола облысының білім беру басқармасының өкілдері, қала мектептерінің директорлары мен педагогтары шақырылды. «U-Future» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тестілеу басқармасының басшысы Алжанбек Қайырбеков орталық аудитория-
лары бойынша шағын экскурсия жасады. Ол педагогтарды «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығының қызметімен таныстырып, педагогтардың сұрақтарына жауап берді. «Өңірлік тестілеу орталығының ашылуы өңір педагогтарының жұмысына көмектеседі, Ақмола облысында ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Ақмола облысы білім беру басқармасының басшысы Балым Ізбасарова. Жыл бойы орталықта оқушылар сынақ тестілерінен өтеді, мемлекеттік бағдарлама бо-
йынша алған білімдері жөнінде есеп ала алады. Бұдан басқа Қазақстанның үздік оқытушыларының видеосабақтар базасына қол жеткізбек.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс