Көкшетауда Antikor ortalyǵy ашылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттің «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығын ашты.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ, облыстық соттың, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Агенттік мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Біздің қызметіміз бен бастамаларымыз әділдік, парасаттылық және сенім призмасы арқылы іске асырылады, – деді Алик Шпекбаев департаменттің жаңа сервис орталығының ашылуында. Іс-шара барысында сервистік орталық ғимараты таныстырылды, ал оның бірінші қабатында келушілерді қабылдайтын арнайы кабинеттер орналасқан. Азаматтарды жайлы күту үшін балаларға арналған ойнау алаңы, бейнероликтер көрсетілетін LED-тв экрандары орналастырылған. Ғимараттың екінші қабатында «Open space» форматындағы кабинеттер мен департаменттің баспасөз орталығы орналасқан. Сонымен қатар, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы имидждік бейнероликтер көрсетіліп, Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге қоғамның жұмылдырылуын арттыруға көмектесетін «Halyq baqylaýshysy» мобильді қосымшасының жобасын ұсынды. – Мобильді қосымшаның осы жобасы шетелдік тәжірибені ескере отырып, Агенттіктің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін әзірленді. Қазіргі заманғы адам мобильді құрылғыны көбірек пайдаланатынын ескере отырып, қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдарын жедел және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, – деді департамент қызметкері Медет Тұрыбаев.
Сервистік орталық азаматтарға жедел және жайлы жағдайларда кеңес алуға, ал мемлекеттік қызметшілерге мықты ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Open space» және «Front office» форматындағы жұмыстың тиімді үйлесімі болып табылады. Іс-шара сервис орталығы ғимаратының аумағында қолайлы экологиялық жағдайлар жасау призмасы арқылы адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін шырша көшеттерін отырғызумен аяқталды. Ал, қалалық әкімдік ғимаратында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі ашылды. Мұнда енді тұрғындар емін-еркін келіп, мазалаған сұрақтарына жергілікті билік өкілдерінен жауап ала алады. Көкшетау қалалық соты ғимаратында орналасқан «front office»-тің мақсаты жан-жақты заңгерлік көмек көрсету. Мұнда келген әр тұрғын өзінің арыз-шағымын заң талаптарына сай рәсімдеп, сот процестерінің тиісті мерзімде әрі заң аясында шешім қабылдауын бақылай алады. Сот қызметкерлері «оупэн спейс» форматындағы қызмет көрсету талаптарына көшкен. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. «Ашық әкімдік» пен фронт-кеңселердің жұмысына өзінің оң бағасын берген Алик Шпекбаев жергілікті билік өкілдеріне, мемлекеттік органдардың басшылары халықты күн сайын қабылдаса деген ұсыныс білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий