Көкшетауда Smart City жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы мен Ақмола облысы әкімдігі арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық, Көкшетау қаласында Smart City жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Кеңеске қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың, департаменттердің, ведомстволар мен мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
– Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысының әкімдігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде, – деп атап өтті Е.Маржықпаев. – «Қазақтелеком» АҚ нарығының аймақтағы телефония бойынша үлесі – 96%, Интернетке кең жолақты қолжетімділік – 78%. МЖӘ шеңберінде 36 ауылдық елді мекенде және 128 мемлекеттік органда интернетке қолжетімділігі бар оптикалық талшық салынды. ТОБЖ жалпы ұзындығы 700 км. «Бұлтты бейнебақылау» бойынша жобалар іске асырылды – ЖБО-ға қосылған 1288 камера орнатылды, Щучье-Бурабай курорттық аймағында байланыс сапасы мен Интернетке қолжетімділікті жақсарту үшін GPON желілері салынды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ақылды қалалар құру жөніндегі тапсырмасы бойынша 2018 жылы «Smart City Aqkol» жобасы іске қосылды. Smart City моделін іске асыру үшін Ақкөл қаласында ахуалдық-талдау орталығы салынды, қалалық инфрақұрылымның ақпараттық жүйелері енгізілді, электр энергиясы, су және жылу деректерін берудің зияткерлік датчиктері орнатылды, бейнебақылау және көше жарықтандыру жүйелері жұмыс істейді.
Smart City жобасы аясында облыс орталығын цифрландыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс мектептерін қашықтан оқыту кезінде сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше алаңдатады. Мемлекеттік органдардың деректерін сақтау көлемін ұлғайту мақсатында дата-орталық құрылысының бірлескен жобасы бар. Целиноград ауданы Қосшы ауылында 3500 ш. м. жер учаскесі бөлінді.
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қараша айында онлайн-хабар тарату жүргізіледі, кепілдендірілген жылдамдық кемінде 100 Мбит/сек болатын негізгі және резервтік жабық арналарды бөлу талап етіледі. Көкшетау қаласындағы ахуалдық орталықтың сапалы жұмыс істеуі үшін полиция департаментінің ЖБО-дан «Smart Aqmola» КММ ғимаратына жеке тікелей талшықты-оптикалық канал жүргізу қажет. «Қазақтелеком» АҚ басшысы атап өткендей, ТОБЖ құрылысы өте күрделі, капиталды қажет ететін процесс болып табылады, төсеу трассалары әртүрлі қиын учаскелерден өтеді. ТОБЖ құрылысының технологияларын, нормалары мен ережелерін таңдауда мұқият көзқарас қажет болады. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, жоба аяқталады.
Слайдтық сүйемелдеуде «Цифрлық Қазақстан» презентациясын өткізіп, Big Data және қала аналитикасы саласындағы «Телекомның» мүмкіндіктері туралы жаңа өнімдерді дамыту департаментінің директоры Самат Имбаев айтып берді.
Қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум «Smart Көкшетау» жобасын іске асыруды көздейді. Оның негізгі элементтері коммуналдық қызметтерді кешенді есепке алу жүйесін автоматтандыру, экологиялық мониторинг жүргізу, көшені жарықтандыруды автоматты реттеу, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар объектілер мен мемлекеттік мекемелерді бейнебақылау жүйесімен қамту жөніндегі шешімдер болады. Бұдан басқа, «Қазақтелеком» Smart City жобасы шеңберінде туризм, көлік және логистика саласындағы қалалық міндеттерді шешу, әлеуметтік-демографиялық жоспарлау және жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін мобильді деректерді пайдалануды ұсынды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий