Көкшетауда Street Workout маусымы басталды

Ақмола облысында «Street Workout» жастар субмәдениеті жыл сайын танымал болуда, осы спорт түрін насихаттау және дамыту бойынша облыстық қозғалыс жұмыс істейді. Жақында Көкшетау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Street Workout бойынша облыстың ашық чемпионатының жазғы маусымының ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық жастар-ресурстық орталығы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында қозғалысты насихаттау болып табылады.
Қаланың орталық саябағында мамандандырылған воркаут алаңында өткен ашық чемпионатқа Көкшетау және Петропавл қалаларынан, сондай-ақ, Ақмола облысының аудандарынан 15 және одан жоғары жастағы жігіттер мен қыздар қатысты.
«Мұндай іс-шаралар жастардың дені сау болуына және әдемі денені қалыптастыруға, оларды спортқа баулуға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Жазғы маусымның ашылуымен әрбір адам жеке жаттығуларға жазыла алады, сондай-ақ, «Street Workout Aqmola» қозғалысына қатыса алады», – деп атап өтті жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мақпал Жанарысова. Спорттық турнир бірнеше номинация бойынша өтті: 15 жасқа дейінгі «Freestyle», 15 жастан асқан «Freestyle», жігіттер мен қыздар арасындағы «Қоссайыс».
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, өңірде спорттың бұл түрімен 5 мыңнан астам жастар айналысады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий