Көкшетаудың дамуы қарқынды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Өңір басшысы алдымен бір ай бұрын ашылған «Көкше» ӘКК» АҚ-ның Алтынсарин көшесіндегі жаңа сауда нүктесі – «Kokshe Market» әлеуметтік павильонын аралады. Қаланың әр аудандарында заманауи стильді дүкендер бар, мысалы, олардың біреуі – «Центральный» шағын ауданы, 32, екіншісі – «Васильков» шағын ауданында, №17 мектепке қарама-қарсы орналасқан. Дүкендер желісі біртіндеп кеңейеді. Бұл павильондарда қала тұрғындары мен қонақтары ақмолалық өндірушілердің сапалы өнімдерін, соның ішінде облыс-
тың тұрақтандыру қорынан ұн, күріш, май, қант және басқа да өнімдерді арзан бағамен сатып ала алады. Сол сияқты «Бижан», «Гормолзавод», «Milk Project», «Көкше құс», «Ақсай нан», «Көкше Нан», «Курочка Ряба» және басқа танымал жергілікті брендтердің өнімдерін табуға болады. Мысалы, мұнда бір килограмм қантты 200 теңгеге, бірінші санаттағы он жұмыртқаны – 292 теңгеге, Зеренді күнбағыс майының бес литрін 1750 теңгеге, Степногорск картобын – 90 теңгеге сатып алуға болады. Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесіне ерекше назар аударылатынын еске салды.
Өңір басшысы Уәлиханов көшесінен Бейбітшілік шағын ауданына дейінгі жолды қайта жаңарту барысымен танысты. Бұл жобаның құны 677,3 миллион теңгені құрайды. Өткен жылы 199,3 миллион теңге игерілген. Биыл 200,0 миллион теңге бөлінген. Аталмыш жобаның бас мердігері – «РСУ-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қайта жаңартылған учаскенің жалпы ұзындығы 2,9 шақырым. Өңір басшысы мердігер компанияға жұмыс барысын ширатуды тапсырды. Көкшетаудағы «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының балалары тосын сыйға ие болды. Облыс орталығына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев орталыққа басқа ғимаратта орналасу мүмкіндігі берілетінін хабарлады. Көкшетауда жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі – ауыз судың сапасын жақсартуға жұмыс істейтін екінші іске қосу кешенінің су құбырларын тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және кеңейту. Мердігер – «Caspian Contractors Trust» ЖШС өткен жылы жұмысқа кірісті. Мұнда франциялық тазарту жабдықтарын орнату жоспарлануда, технология хлорлаудың екі кезеңімен классикалық қолданылады. «Жоба 2008 жылы басталды, 2011 жылы өкінішке орай, тоқтап қалды. Жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді, осылайша күрделі мәселе шешілуі керек. 2023 жылы тазарту құрылыстары қолданысқа берілуі тиіс, – деді облыс әкімі.
Биылғы маусымда Қопа көлінің жағалауын, атап айтқанда жол инфрақұрылымын жаңғырту жалғасатын болады. Қылшақты өзені арқылы өтетін көпірден Кенесары көшесіне дейін мемлекеттік мүлік үшін алып қоюға жататын жер учаскелеріндегі 26 үйді заңды бұзу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сағдиев көшесінен осы көпірге дейінгі жол жобалануда. Осы күні Ермек Маржықпаев Сүлейменов көшесіндегі автожол көпірін реконструкциялау барысымен де танысты.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий