Көкшетаудың күрделі даму кезеңі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың халыққа есеп беру кездесулерінің қорытынды жиыны «Достар» мәдениет сарайында өтті. Оған Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин, мемлекеттік инспектор Қ.Байымбетов қатысты.

DSC_9427Әкім есебі бұған дейін Красный Яр, Застанцион-ный, тұрғындар «Шанхай» атайтын теміржолдың арғы бетіндегі кент, №1, №18, 21, 19, 13 мектептер мәжіліс залдарында өткен болатын. Ол кездесулердің бәрінде де әкім қаланың өткен жылды әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша қорытындылауы, атқарылған істер, алдағы жоспарлар туралы толық баяндап, тұрғындар пікір-лерін тыңдап, сұрақтарына жауап берген болатын.
Біз газетімізде қала бас-шысының баяндамасынан қала жетістіктерін айғақтайтын айшықты мәліметтерді, деректерді, сандарды жариялаған едік.
Сондықтан, бұл жолы баяндама дәйектерін қайтала-мастан, қорытынды кездесуде қойылған сұрақтар мен оларға берілген жауаптарға тоқталғанды жөн көрдік.
Сұрақ: – Жаңа салынып жатқан «Сарыарқа» мөлтек ауданында көпшілік-демалыс орындары, бақтар бола ма? Кейбір жерлерде әлі жол жоқ?
DSC_9426Жауап: – «Сарыарқа» мөлтек ауданы әлі толық салынып біткен жоқ. Жаңадан құрылысы басталған үйлер бар жерлерге әзір асфальт жол салу жөн емес. Өйткені, ол құрылыстарға ауыр техника, жүк машиналары қатынайды. Жолды бұзады. Одан гөрі құрылысты әбден бітіріп алып сапалы жол салғанымыз абзал. Ал, бақ, аллея, басқа да тұрғындарға қолайлы жағдайлар жоспарланған, кезең-кезеңімен салына береді.
Сұрақ: – Элеватор маңайындағы көп қабатты үйлер аулаларына балалар алаңдары салынған жоқ? Неге?
Жауап: – Байқасаңыздар, соңғы жылдары қаламыздың шеткі аудандарына жіті көңіл бөлініп отыр. Шынында, орталық, шет дейтіні жоқ, бәрі де өз қаламыз. Дегенмен, қазіргідей қамқорлық ешқашан болған жоқ. Мысалға, Застанционныйда жастар алаңы, сквер салынды, екі аулаға балалар алаңы жасалды, көшелеріне жарық тартылды, асфальт төселді, мәдениет ошағы салынатын болды. Красный Ярда, тағы басқа шеткі көшелерде де солай. Бәрі жоспарлы түрде, жүйелі түрде жасалуда. Енді Элеватор маңайындағы үйлер аулаларына кезек келеді.
Сұрақ: – Үй салу үшін жер телімін сұрап өтініш бергенбіз. Кезек қаншалық тез жылжуда?
Жауап: – Жер телімін беруді жүйеледік. Красный Ярға барар жолдағы, Автогородок сыртындағы қыратқа қарай үйлер ретсіз салынған. Енді жол салуда үлкен қиындықтар туындауда. Сондай келеңсіз мәселелер туындамас үшін біз «Шанхай» мен Бірлік арасынан тұрғындарға кезекпен беру үшін жер дайындадық. Ол үшін алдымен коммуникация, су, жылу, электр желілері тартылады. Түзу көшелер белгіленеді. Екіншіден, тізім қайта тексеріліп, шығып қалған, кетіп қалған, көшіп кеткен адамдар бар-жоғы тексеріліп, ревизия жүрді,
сараланды. Бұдан былай кезек жария түрде көрінетін, компьютер арқылы біліп отыруға қолайлы болады. Жүз алпыс сегіз адамға жер берілді. Кезек тез жылжитын болады.
Сұрақ: – Қопа көлінің маңайын жаңғырту, тұр-ғындарға қолайлы жағалау жасау жалғасын таба ма?
Жауап: – Бұл – біз қолға алған ең үлкен жобалардың бірі. 25 жыл ішінде мұндай ірі жоба болмаған-ды. Көп ескі үйлердің алынып тасталғанын білесіздер. Енді көл жағасындағы 108 үй алынады. 12 шақырымдық көл жағасындағы жол, тротуарлар, веложолдар салынады. Тұрғындарға қажет, қолайлы көптеген нысандар ашылады. Арнайы жоспар бар. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Жер үйлердің, қора-қопсының алынуы – көл тазалығына бастар жол.
Сұрақ: – М.Горький мен М.Әуезов көшесі қиылысындағы жолайрық көлік жүргізушілерге өте қолайлы болды. Сондай жолайрық мешіт іргесіндегі М.Горький мен С.Жүнісов көшелерінің қиылысына жасалса, жақсы болар еді. Өйткені, жұма күндері көлік қозғалысы қиындап кетеді.
Жауап: – Бұл мәселені біз білеміз. Биыл М.Горький мен Абай, М.Горький мен С.Жүнісов көшесіне де жолайрық салынады. Жоспарда бар. Бір айта кететін жәйт – жол салушылар тәжірибе жинақтады. Енді қысқа мерзімде салып бітіреді деп ойлаймыз.
***
Сондай-ақ, қала басшысына дәріханалардағы дәрінің қымбаттығы, кей жерлерге жолдан жаяу адам өтер жолақтың қажеттігі, кейбір шеткі көшелерді грейдермен тегістеу, М.Ғабдуллин көшесінен Қылшақты үстінен салынатын көпірдің біту мерзімі сияқты сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев қаланың жақсы қарқынмен дамып, көркейіп келе жатқандығы бөлініп отырған мол қаражаттың әсері екендігін айта келіп, облыс әкімі М.Мырзалинге, қала әкімі Е.Маржықпаевқа ақсақалдар атынан алғыс айтты.
Мінберге көтерілген Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин қала әкімі Е.Маржықпаевтың нақты дерек, мәліметтер келтірілген есебі, атқарған оң істері үшін рахмет айтып, қала дамуы барысындағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Біріншіден, көп қабатты тұрғын үйлер, ғимараттар көптеп салынуда. Енді қалаға жылу жетімсіз. Сол себепті көптен айтылып келе жатқан жылу-электр стансасын салуымыз керек. Оның құрылысы қолға алынды. Аяқталып, іске қосылуын 2-3 жыл күтуіміз керек. Екіншіден, қалаға керегі сапалы ауыз су. Оны шешу жолдары іздестіріліп, тез табылуы керек. Келесі – көл жағасын жайлы ету. Бұл
басталып кеткен жұмыс толассыз жүруі тиіс. Мектептерге қосымша ғимараттар салуға қанағаттану жөнсіз. Өткен жылы тапсырылған IT мектебі сияқты арнайы мектептер салу керек. «Көктем» мөлтек ауданынан 1200 орындық «Рухани жаңғыру сарайын» саламыз, онда көптеген үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Ол жақсы. Енді қаламызға спорт сарайы керек. Онда тек балалар ғана емес, ересектер де барып жаттыға алатындай жағдай туындауы тиіс. Қала тұрғындары тек сауда үшін емес, кино көріп, отбасымен дем алып, көңілді уақыт өткізетін дәмхана, тағы басқа қызмет көрсететін бүгінгі талапқа сай, әлемдік деңгейдегі бір жақсы орын салу керек.Кезек күттірмейтін тағы бір мәселе – газ. Елбасы тапсырмасы – Ақкөлден кейінгі «ақылды қала» Көкшетау болуы керек. Көкшетауды айнала «көгілдір белдеу» Зеренді жақтан бас-
талды, сол жалғаса беруі тиіс. Жер телімдері көп жыл берілмеген, енді жүйеленіп, беріледі. Дәрі бағасы жөнінде соңғы өткен жиында Елбасы сол сала басшыларына тапсырма берді. Демек, ол мәселе реттеледі. Қала кәсіпкерлері ауылдық жердегі кәсіп-керлерге қарағанда белсенді емес. Ауылдық жерде олар бүкіл ауыл үшін үлкен мәселелерді шешіп отыр. Қалалық кәсіпкерлер олардан үлгі алулары қажет.
Жиын үстінде облыс әкімі М.Мырзалин белгілі қолөнер шебері, ақын, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Шәмшия Айтжанованы осы күнге сәйкес келген туған күнімен, тоқсан жасқа толуы-мен құттықтап, Құттықтау хат тапсырып, иығына шапан жапты.

Серік Жетпісқалиев.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий