Көкшетаудың қарышты қадамы

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен 10 ақпанда «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының құрметті азаматтары мен облыстық, қалалық мекемелердің басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысқан есеп беру жиыны болды. Оны өңір басшысының өзі ашып, жүргізіп отырды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев «Облыс орталығының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылғы міндеттер туралы» баяндамалар жасады. Аталған жиынға Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов қатысты.

Облыс әкімі Сергей Кулагин жиын алдында «Достар» мәдениет сарайының фоесінде орналасқан Көкшетау қаласындағы кәсіпорындар шығарған отандық өнімдердің мазмұнды көрмесін тамашалады. Онымен бірге қала әкімі Ермек Маржықпаев та бірге болды.

Көрмеге «Блэк» кәсіпорнының ағаштан жасалған ою-өрнекті ұлттық бұйымдары, «Бижан», «Нәтиже сүт фабрикасы» мен «Қалалық сүт заводының» ет және сүт өнімдері, «Тау Конның» кондитерлік, «Көкше нанның» нан, тоқаш өнімдері, «Агрогрейд Көкшенің» көкөністері мен қымызы, «Гранд Роял Боттлерстің» алкогольді және алкогольсіз сусындары қойылыпты. Сондай-ақ, «КАИК», «Ақмола бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің индустриалды-технологиялық парктер, православтық храмның макеттері де орналастырылыпты. «Авиценна» клиникасының мамандары осы жерде жаңа қондырғылардың көмегімен көз жанарын тексеріп, қан қысымын өлшеу жөнінде медициналық көмек те көрсетуде. Тағы бір жаңалық – мекеме құрылтайшысы Юля Гагаркинаның айтуына қарағанда, мұнда омыртқаны операция жасаусыз емдейтін аппарат іске қосылмақшы екен. «Зеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ландшафт дизайнын жасаған бұрыш көпшіліктің көңілінен шықты. «Көкшетау ТрансГаз» кәсіпорны бүгінгі күні облыс орталығында 58 тораптық газ бөлгіш қондырғысын қалпына келтіріпті. Көрмені аралау барысында облыс әкімі революция күрескерлері паркін абаттандыру, шаңғы роллерлік трассаны жасау, Уәлиханов көшесінің Астана мен Зеренді бағытына шығар бөліктерін қайта жаңғырту, Қопа көлінің жағалауын тәртіпке келтіру мәселесіне де ерекше назар аударды. Сондай-ақ, көшенің санитарлық тазалығын жақсартып, оны жасыл-желекке бөлеу үшін көктемгі-күзгі ағаш отырғызу шараларын дер кезінде жүзеге асырып, жас өскіндерге уақытылы күтім жасауды назарда ұстаған жөн. Балалар көркемөнер мектебі шәкірттерінің «Көкшетаудың жаңа құрылыстары» тақырыбындағы көрмесі де көпшілікке жақсы әсер қалдырды.

Облыс әкімі Сергей Кулагин күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша алда тұрған міндеттерді айқындап, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың облыс орталығының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері жайлы баяндамасында айтылған жетістіктерге жоғары баға беріп, бірқатар пікірлерін ортаға салды. Мен қаланы жиі аралаймын. Қол жеткен табыстар, атқарылған істер көрініп тұр. Өңірдің басқа қала, елді-мекендері Көкшетауға қарап бой түзейді. Ал, біз облыс орталығы ретінде Елордамыз Астанаға қараймыз. 2016 жылды қала 2015 жылмен салыс-
тырғанда едәуір ілгерілеушілікпен аяқтады. Барлық негізгі көрсеткіштер жоспарлы межеден шығып отыр. Көкшетау қаласы бюджет қаражатын игеру жөнінен облыс бойынша бірінші орында. Бұл – үлкен іскерліктің белгісі. Бұрын-соңды қала мұндай нәтиже көрсетпеген. Мен қала әкімінің өткен жылы атқарған жұмысын жоғары бағалаймын. Біз алдағы уақытта да жолдарды жөндеуді, тұрғын үй салуды, мектептерге қосымша ғимараттар, балабақшалар тұрғызуды, ағаш пен гүл егуді, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жасақтауды, бір сөзбен айтқанда, ару шаһрымызды абаттандыруды жалғастыра береміз. Осыған орай биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда қомақты қаражат бөлініп отыр. Одан әрі өңір басшысы қаланың дамуында көптеген мәселелердің шешімін тауып келе жатқанын айта келе, әлі орындалмаған, қомақты қаржыны талап ететін мәселелерге тоқталды. Олардың бірі – қала іргесіндегі Қопа көлінің тазалығы, экологиясы. Оны тазартып қоюмен бірге суы көлге қарай ағатын бірқатар көше бойындағы арықтарының бағытын өзгерту керек. Көлге жақын орналасқан үйлер, саяжайлар алынып, орнына жаңа коммуникация желісі жасақталған ғимараттар салуға тиіспіз. Ол жұмыс басталып кетті. Келесі мәселе – қаланың ескірген, тозығы жеткен су, жылу желісін түгел ауыстыру. Ол жұмыс та қолға алынған. Тағы бір тапсырма – көпқабатты тұрғын үйлерді газдандыру мен лифтер жұмысын жолға қоюды аяқтау. Бұрын ана мен бала өлімі жиі еді. Қазір жас босанатын ана өлімі тоқталып, бала шетінеуі азайды. Оны мүлдем болдырмайтын жағдайға жету керек. Облыста дәрігерлер жетіспейтіні белгілі. Бұл мәселе түпкілікті қолға алынып, жақын жылдары шешімін табады деген сенімдемін. Жұмыс жасағысы келген мүгедек адамдарды еңбекке тартудың барлық жолдарын қарастырыңыз-
дар. Жаңа жобалар қабылданып, жылма-жыл жаңа бизнес нүктелері ашылып отырсын. Бизнесті жаңадан бастағандарды жиі тексеріп, әрқилы кедергі жасалмасын. Кәсіпкерліктің дамып, аяққа тұрып кетуіне жағдай туғызылсын. Олар көмекті жағдайлары болғанда, өз еріктерімен жасайтын болсын. Мұқтаждауға жол жоқ.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин алқалы жиын соңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан бірқатар мекемелердің басшылары мен мамандарға, өз ісінің шебері танылған қарапайым еңбек адамдарына Алғыс хаттар табыс етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс