Көкшетаулықтар жалпыұлттық диктантқа қатысты

Бүкіл еліміз бойын-ша 14 қарашада, сағат 11.00-де латын графи-касындағы әліпбиден жалпыхалықтық диктант жазылды. Бұған дейін өткізілген баспасөз мәслихатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова бұл шараға шамамен 80 мыңнан астам ақмолалық қатысады деген болатын.

Диктант қоғамның қабылдауына талдау жасау мақсатында ұйымдастырылды. Берілген тақырып: «Рухани жаңғыру». Мәтінде латын әліпбиіне көшу нақты міндет болып қойылғаны және әлемде болып жатқан жаңалықтар осы жазу арқылы қабылданатыны, сондай-ақ, қазақ тілінің төл табиғатын сақтауға мүмкіндік беретін де осы жазу болатыны айтылған.

Жалпыұлттық диктантқа қатысқан көкшетаулықтар  «Өрлеу» біліктілікті арттыру  орталығында, Ішкі істер департаментінде, «Қоғамдық келісім» сарайында,  мемлекеттік мекемелерде, сонымен қатар барлық жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, тілдерді оқыту орталықтарында жүргізілді. Қалалық әкімшілік қызметкерлері де бұл шарадан тыс қалған жоқ. Шаһар басшысынан бастап, орынбасарлары, бөлім жетекшілері латын әліпбиін игеруге ұмтылыс жасады. Кез келген адам өзіне жақын әрі ыңғайлы ғимараттарға барып диктант жаза алды.  Және сол жерде өзінің қатесін түзетіп, бағалады. Сондай-ақ, арнайы сайт арқылы онлайн диктант жазуға да мүмкіндік болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий