Көкшетаулықтар жүлде иеленді

Ақмола облысының білім басқармасы, дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі 25-26 наурыз күндері Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымының 5 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында ашық облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

Бұл жолғы пікірсайыс додасында Ақкөл, Бұланды, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының шәкірттері жиырма топқа бөлініп, қазақ және орыс тілдерінде сайысқа түсті. Турнирге қатысушылар Қазақ хандығын нығайтқан үш негізгі тұлға, балалар мен жасөспірімдер арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрді және тарихты дәріптеу, Отанымыздың негізгі үш жетістігі, оқушылардың кәсіптік мамандықтарға қызығушылығын арттыру, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу тақырыптарында пікір алмасты.
Екі күндік турнирдің қорытындысы бойынша мыналар жеңімпаз атанды: қазақ лигасында – І-ші орынды Көкшетау қаласындағы қазақ тілінде оқытылатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернаты мен «Әулет» мектептен тыс тәрбие жұмыстары орталығының құрамында Болатхан Ризабеков, Төлеген Нұржан бар «Арлан» тобы иеленді; ІІ-ші орынды М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназияның құрамында Қыдырмен Айғаным, Тұрсын Нұрхан бар «Ашық айтамыз» тобы; ІІІ-ші орынды Бұланды ауданындағы балалар шығармашылық үйінің құрамында Ибрагимова Саяна, Уаилденова Азиза бар «Парасат» тобы; ал, Зеренді ауданының өкілі Сайлаухан Ережеп «Үздік спикер» атанды. Орыс лигасында – Көкшетау қаласындағы «Огма» тобының мүшелері Мәдина Құсайынова, Айдана Ильяшева І-ші орынды, «Феникс» тобының мүшелері Лина Егорова, Әліби Мұқышев ІІ-ші орынды, «КенРУМ» тобының мүшелері Айдана Қаратаева, Динара Әутәліпова ІІ-ші орынды еншіледі. Ақкөл ауданының өкілі Руфина Садышева «Үздік спикер» атанды. Турнирге белсене қатысқан шәкірттер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, қазақ және орыс лигалары бас жүлде – кубокты олжалады.

Мейрамбек ЗАКИРОВ,
«Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс